ГЛАВНАЯ ЖУРНАЛЫ СОБЫТИЯ ИЗДАНИЯ КОНГРЕСС О НАС КОНТАКТЫ  

ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ ВАРИКОЦЕЛЕНІ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ НӘТИЖЕЛЕРІ
 

М.К.Алчинбаев, С.М. Кусымжанов, Т.Э. Хусаинов, К.Н. Кабдолдин,

Б.Г.Токтабаянов

Б.У.Жарбосынов атындағыУрология ғылыми орталығы

РЕЗУЛЬТАТЫ ЛАПАРОСКОПИЧЕСКОЙ КОРРЕКЦИИ ВАРИКОЦЕЛЕ

У ПОДРОСТКОВ

М.К.Алчинбаев, С.М. Кусымжанов, Т.Э. Хусаинов, К.Н. Кабдолдин,

Б.Г.Токтабаянов

Научный центр урологии им.Б.У.Джарбусынова

 

Резюме. Авторами проведено комплексное обследование 240 больных подростков с варикоцеле, которым была произведена лапароскопическая коррекция заболевания. Установлено, что все больные с варикоцеле должны быть отнесены к группе повышенного риска по возможному бесплодию, несмотря на нормальные показатели спермограмм к моменту обследования. Анализ результатов лапароскопической коррекции варикоцеле у подростков, позволил оценить высокую клиническую эффективность и малую инвазивность метода.

 

Ен бау көктамырларының түйінделіп кеңеюі (варикоцеле) айтарлықтай жиі кездесетін ауру болып саналады және көбіне жас кезеңде бақыланады, жағдайлардың 40-80%-да сперматогенездің бұзылуымен қатар жүреді, ауру бедеулікпен науқастанатын адамдардың 30-40%-да кезедеседі, бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығын баса көрсетеді /1, 2, 3, 4, 5/.

Бүгінгі таңда варикоцелені емдеуде жоғары тиімділік, ағза функцияларын барынша сақтау мүмкіндігі, жарақатталыстың аздығы, экономикалық тиімділік пен операциядан кейінгі жақсы нәтиже сияқты заманауи талаптарға жауап беретін тәсілдерді іздеу жалғастырылуда. Лапароскопиялық тәсілді қолдану аталған талаптардың барлығына жауап береді /6/.

Біз ен бау көктамырларының түйінделіп кеңеюімен сырқаттанатын 240 науқас жасөспірімді кешенді тексеру мен емдеудің нәтижелеріне талдау жасадық. Барлық науқастар 2000-2011 жылдары аралығында академик У.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының клиникасында стационарлық тексеру мен емдеуден өткен.

Варикоцелемен сырқаттанатын науқастардың жасына қарай бөлінуі 1-кестеде көрсетілген.

 

1-кесте. Науқастардың жасына қарай бөлінуі

lparoskop-kaz-tabl1.jpg

 

Кестеден көрініп тұрғандай, науқастардың ең көп саны 16-17 жас аралығына келеді – 62(42,8%). Бұл көп жағдайда варикоцеле диагнозы алғаш рет әскер қатарына шақырылушы жастардың әскери комиссариатта медициналық комиссия өтуі барысында қойылатындығымен түсіндіріледі.

 Науқастардың құрамына қарай бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.

 

2-кесте. Науқастардың диагнозына қарай бөлінуі

lparoskop-kaz-tabl2.jpg

 

Кестеден көрініп тұрғандай, ең үлкен топты 11-111 дәрежелі алғашқы варикоцелемен ауыратын науқастар сәйкесінше 146 (60,9%) және 54 (22,5%) құрайды.

 Қайталанған варикоцелеге өткізілген талдау 27 науқас бұрын басқа медициналық мекемелерде оперативтік емдеуден өткендігін, бірақ операция табысты болмағандығын көрсетті (3-кесте).

 

3-кесте. Жасалған операциялардың түрлері

lparoskop-kaz-tabl3.jpg

 

Иваниссевич операциясынан кейін аурудың қайталануырентгенэндоваскулярлық склероздаумен салыстырғанда, жиірек кездеседі, бұл операция орындау техникасының жетілдірілмегендігімен байланысты.

 Барлық науқастар зертханалық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық зерттеулерді қоса санағанда, диагностикалаудың ең заманауи әдістерін пайдалана отырып, операцияға дейін және операциядан кейін кешенді урологиялық зерттеуден өткізілді.

 Әсіресе варикоцелемен ауыратын науқастардың спермограмма мәліметтерін зерттеуге баса назар аударылды. 16 жастан жоғары жасөспірімдердің шәуеттері зерттеуден өткізілді. Барлық науқастар екі топқа бөлінді: бірінші топқа 1 және 11 дәрежелі варикоцелемен ауыратын 95 науқас, екінші топқа 111 дәрежелі варикоцелемен, аурудың қайталануымен және екі жақты паталогиямен ауыратын 50 науқас кірді. Шәует көлеміне келетін болсақ, айқын ерекшеліктер анықталған жоқ. Дегенмен, спермограммалардың қалған негізгі көрсеткіштері бойынша аталған топтар арасында статистикалық тұрғыдан айқын айырмашылықтар анықталды. 1 және 11 топтардағы науқастардың сперматограмма көрсеткіштері талдауының негізінде 11 топтағы науқастарда шәует көрсеткіштерінде айтарлықтай айырмашылықтар мен сперматогенездің айқын бұзылыстары байқалады. Осының барлығы 111 дәрежелі варикоцелемен, аурудың қайталануымен және екі жақты паталогиямен ауыратын науқастарда ен бау тарапынан үлкен бұзылыстардың орын алғандығы туралы ойлауға мүмкіндік береді, бұған ұма мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы себеп бола алады. Варикоцеленің сепрматогенезге әсері бар екендігін 1 топ науқастарының шәуеттеріне өткізілген зерттеу нәтижелері дәлелдейді. Шәует құрамындағы сперматозоидтар санының артуы мен сперматогенез жасушалары мөлшерінің ұлғаюы аталған науқастардың сперматогендік белсенділігінің жоғары болуының дәлелі.

 Өткізілген зерттеудің негізінде варикоцелемен сырқаттанатын барлық науқастар тексеру сәтінде сперматограмма көрсеткіштерінің қалыпты болуына қарамастан, ықтимал бедеулікке қатысты жоғары тәуекел тобына жатқызылуы тиіс.

 1 топтың 41 науқасы мен 11 топтың 44 науқасына лапароскопиялық операция жасалғаннан кейін 3-6 ай өткен соң, спермограмма мәліметтері бақылау тексеруден өткізілді. 1 топ науқастарының спермограмма талдауының нәтижелері варикоцелені лапароскопиялық тәсілмен алып тастағаннан кейін, сперматогенездің одан әрі ауырламайтындығын дәлелдеді. Лапароскопиялық операция жасалған 11 топ науқастарының спермограмма талдауының нәтижелері ендердің сперматогендік функциясының айтарлықтай жақсаратындығын көрсетіп, түтікшелердің сперматогендік сыртқы тініндегі гемодинамика мен алмасу процестерінің қалыптасатындығын дәлелдеді. Белсенді және қалыпты пішімді сперматозоидтардың саны ұлғайып, патологиялық түрлері азайған, бұл сперматогенездің жақсарғандығын білдіретін жағымды белгі болып табылады.

 Сөйтіп, 11-дәрежелі варикоцелемен сырқаттанатын науқастарға жасалған лапароскопиялық операция еннің сперматогендік функциясының ауырлатылуын тоқтатады, ал 111-дәрежелі науқастарда спермограмма мәндерінің қалыптасуына септігін тигізеді.

 Варикоцеле барысында ендер мен ен бау көктамырларының көлемін зерттеу мақсатында, ультрадыбыстық зерттеу өткізілді, бұл лапароскопиялық операцияға дейін және одан кейін, ендердің ең үлкен және ең кіші көлемдерін, шоқ тәрізді өрім көктамырларының диаметрін анықтауға мүмкіндік берді. Сол жақ варикоцелесі бар науқастарда операцияға дейін және одан кейін ендерінің өзгеруінің анықталған нұсқалары ондағы қан айналымы бұзылуының түрлі дәрежесін көрсетті, операциядан кейін өткізілген зерттеу артериалдық қан ағымының жақсарғандығын немесе қалыптасқандығын, көктамыр іркілісінің жойылуын, ен тіндеріндегі тінаралық ісінудің азаюын дәлелдейді, нәтижесінде бұл ендердің сперматогендік функциясының жақсаруына септігін тигізеді.

 Зерттеудің ультрадыбыстық әдісі операциялық жолмен емдеу тиімділігінің объективті белгілерінің бірі болып табылатындығын айта кету керек, себебі операция техникалық тұрғыдан дұрыс өткізілген жағдайда, операциядан кейінгі кезеңде бақылау тексеру өткізу барысында ен бау көктамырларының варикоздық кеңеюі анықталмайды.

Лапароскопияны қолдану қанның ішкі көктамырлық коллектор бойымен ағысының бұзылу белгілерін сырттай анықтап, объективациялауға және операция барысында тестикулярлық көктамырдың құрылысына қарай варикоцелені эндоскопиялық операциялық емдеудің тәсілін коррекциялауға мүмкіндік береді.

Ен бау көктамырларының варикоздық кеңеюі крипторхизммен және монорхизммен қабаттасқан 5 науқаста лапароскопиялық әдіс диагностикалау мен емдеудің ең тиімді тәсілі болып саналады, бұл жағдайда біріншісі – диагностикалық кезең екінші – емдеу кезеңіне бірден ауыстырылады.

Сөйтіп, жасөспірімдерде варикоцелені лапароскопиялық түзету бойынша жинақталған тәжірибе бұл әдістің жоғары тиімділігі мен жұқпа жұқтырудың төменділігін бағалауға, оның дәстүрлі Иванисевич операциясы мен рентгенэндоваскулярлық склеротерапияға қарағанда айтарлықтай басымдылығын байқауға мүмкіндік береді: асқынулардың төменділігі, операциядан кейін стационарда болу уақытының 2-3 күнге дейін қысқаруы, жақсы косметикалық нәтиже, жұқпа жұқтырудың төменділігі, соның ішінде рентгенологиялық жүктеменің болмауы, көктамыр қаны ағысының бұзылу түрін операция барысында анықтау мүмкіндігі, бұрын жасалған операциялардан кейін, аурудың қайталану себептерін объективті бағалау және екі жақты зақымдану барысында тестикулярлық көктамырды бір сәтте қоспалау. Зерттеу нәтижелері тестикулярлық көктамырды лапароскопиялық қоспалаудыИванисевич операциясына балама және рентгенэндоваскулярлық склеротерапиямен таңдау әдісі ретінде клиникалық практикаға кеңінен ендіру үшін ұсынуға мүмкіндік береді.



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кусымжанов С.М., Алчинбаев М.К., Перепелица В.В. Использование

хирургического лапароскопа в урологической клинике//Материалы IX Всеросийского съезда урологов.- Курск, 1997.- С.292.

2. Евдокимов В.В., Селиванов Т.О. Нарушения сперматогенеза при

варикоцеле – патогенез и прогноз лечения (обзор литературы)// Андрология и генитальная хирургия, 2006.- №3.- С.12-19.

3. Schlegel P.N., Kaufmann J. Role of varicocelectomy in men with

nonobstructiveazoospermiz//Fertil.Steril., 2004.- V.81.- Р.1585-1588.

4. Agarwal A., Deepinder F., CocuzzaM. et al. Efficacy of varicocelectomy in

improving semen parameters: new meta-analytical//Urology, 2007.- V.70.- Р.532-538.

5. Richardson I., Grotas A., Nagler H.M. Outcomes of varicocelectomy

treatment: and updated critical analysis//Urol.Clin.N.Am., 2008.- V.35.- Р.191-209.

6.  Способ лечения варикоцеле. Патент РК №4152. Кусымжанов С.М.,

Перепелица В.В., Малих А, Еремьяенц Г.А.//Промышленная собственность: официальный бюллетень РК.- 1997.- №1-1 (16).- С.75.

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  .  
 

Copyright (C) Репродуктивная медицина. Научно-практический журнал
г. Алматы, Алмалинский район, ул. Байтурсынова 79.
Тел.: +7 (727) 250 00 11, skype: medmedia.kz, e-mail: info@medmedia.kz
   
 
Яндекс.Метрика