Бас редакторымыз Вячеслав Нотанович Локшин Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды!

27.08.2024
Маңызды жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз:  біздің жетекшіміз, профессор Вячеслав Нотанович Локшин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық  Ғылым Aкадемиясының академигі болып сайланды! Бұл көрнекті жетістік – оның көп жылғы еңбегінің және медицина мен денсаулық сақтау саласының, әсіресе Қосалқы Репродуктивті Технологиялар саласының дамуына қосқан елеулі үлесінің нәтижесі болды. Оны сайлау туралы шешім Ұлттық Ғылым Академиясының академиктерін сайлау ережесіне сәйкес өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша Академияның жалпы жиналысында қабылданды. Біздің команданы осындай жоғары деңгейде танылған тұлға басқарып отырғанын мақтан тұтамыз.
Біз Вячеслав Нотановичті лайықты марапатымен құттықтаймыз және оған одан әрі табыстар мен көптеген отбасылардың балалы болу арманын жүзеге асыруға көмектесетін жаңа ғылыми жаңалықтар тілейміз!