Бедеулікті емдеу нәтижелерін жақсартудағы оментоовариопексия

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.37800/RM.4.2021.56-58

Кілт сөздер:

бедеулік, оментоовариопексия, эндометриоз

Аңдатпа

Өзектілік: Ұрықтылықты сақтау репродуктивті хирургияның басты міндеті болып қала береді. Эндометриоз, соның ішінде анабездің эндометриоидты жылауығы әйелдер бедеулігімен байланысты гинекология тәжірибесінде кеңінен таралған (25-40%) патологиялардың бірі болып табылады. Анабез жылауығын емдеудің «алтын стандарты» - лапароскопия. Алайда, жылауықты хирургиялық жолмен алып тастаса ауыртады әрі аналық без резерві азайтуы мүмкін.

Зерттеу мақсаты — аналық без резерві аз әйелдердің бедеулігін емдеу нәтижелерін жақсарту.

Әдістер: Репродуктивті  медицина институтында (Алматы қ.) лапароскопиялық цистэктомия кезінде оментоовариопексия әдісі әзірленіп, ендірілді. Бұл зерттеудің негізі – анабездің пайда болған нейродистрофиялық өзгерістерін емдеу мен алдын алу мақсатында қосымша және жүйке коллатеральді жасау.

Нәтижелер: Жүктілікті жоспарлайтын 10 әйелдің ішінен екі әйел жасалған хирургиялық жолмен емдеуден кейін 6-12 айдан соң өз репродуктивті әлеуетін пайдаға асыра алды.

Қорытынды: Оментоовариопексияны одан әрі клиникалық зерттеу бедеулігі бар әйелдерде аналық без эндометриозының қайталанатын нысандары мен аналық бездің резервінін төмендеуі мәселесін шешудің кілті болуы мүмкін.

Қосымша файлдар

Жарияланды

30.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

[1]
Барманашева, З. and Джакупов, Д. 2021. Бедеулікті емдеу нәтижелерін жақсартудағы оментоовариопексия . Репродуктивті медицина (Орталық Азия). 4 (49) (Dec. 2021), 55–57. DOI:https://doi.org/10.37800/RM.4.2021.56-58.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи