Кальций ионофорын қолдану арқылы ооциттердегі пронуклеустердің орналасуы түзетілген пациенттердегі жүктілік және босану

Авторлар

  • М.П. Яхьярова
  • И.А. Заставский Институт репродуктивной медицины
  • А.В. Ким

DOI:

https://doi.org/10.37800/RM.3.2022.87-92

Кілт сөздер:

ICSI, кальций ионофоры, пронуклеустер, ооциттердің қосалқы активтенуі, жүктілік

Аңдатпа

Өзектілігі: Қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) әдістерін үздіксіз жетілдіру бедеуліктің көптеген түрлерін емдеуге көмектеседі. Қазіргі уақытта интрацитоплазмалық сперматозоидтың инъекциясы (ИКСИ) ұрықтандырылған ооциттерді алуға мүмкіндік беретін ауыр ерлер бедеулігі немесе идиопатиялық бедеулік жағдайында репродуктивті ме- дицинада кеңінен қолданылады. Бірақ екі пронуклеусті зиготалардың өзі әрқашан дұрыс дамып, бластоциста сатысына жете алмайды. Қалыпты бластоцистаның түзілуінің маңызды критерийі – пронуклеустердің зиготадағы орталық орналасуы. ҚРТ бағдарламаларының тиімділігін арттыратын әдістерді іздеу – репродуктивті медицинадағы ең өзекті мәсе- лелердің бірі болып табылады.
Мақсаты – ИКСИ бағдарламаларында кальций ионофорын қолдану арқылы пронуклеустердің орналасуын түзету нәтижесінде ооциттерден алынған бластоцисталарды жатыр қуысына тасымалдаудан кейінгі жүктілік және босану туралы хабарлау.
Әдістер: Біздің зерттеуіміз сәтсіз ИКСИ бағдарламаларынан кейін кальций ионофорын қолданудың 5 клиникалық жағдайын сипаттайды. Барлық жағдайларда алдыңғы бағдарламаларда пронуклеустердің орталық емес орналасуы бай- қалған. Ұрықтанған ооциттерде пронуклеустердің орналасуын түзету үшін интрацитоплазмалық инъекциядан кейін кальций ионофоры қолданылды. 
Нәтижелер: Эмбриондар 5-ші күні жатыр қуысына тасымалданды. Клиникалық жүктіліктің басталуы 80% жағдай- да байқалды. Кальций ионофорын қолданғаннан кейін интрацитоплазмалық сперматозоидтың инъекциясы жасалған ооциттердің 83% қалыпты түрде ұрықтандырылды және пронуклеустердің орталық орналасуына ие болды. Сондай-ақ жақсы және өте жақсы сапалы бластоцисттердің 40%-ы алынды. 4 науқаста бір ұрықты жүктілік байқалды және қазіргі уақытта барлық жүктілік босанумен аяқталды. 5-ші науқас бағдарламасының нәтижесі белгісіз болып қалды.
Қорытынды: ИКСИ-ден кейін кальций ионофорымен ооциттерді белсендіру пронуклеустердің орналасуын түзету үшін пайдаланылуы мүмкін, бұл бластоциста имплантациясының тиімділігіне және сәйкесінше ҚРТ бағдарламасының сәтті нәтижесіне әсер етуі мүмкін.

Библиографиялық сілтемелер

Swann K. The role of Ca2+ in oocyte activation during In Vitro fertilization: Insights into potential therapies for rescuing failed fertilization // Biochim. Biophys. Acta BBA - Mol. Cell Res. 2018. Vol. 1865, № 11, Part B. P. 1830–1837.

Zafar M.I., Lu S., Li H. Sperm-oocyte interplay: an overview of spermatozoon’s role in oocyte activation and current perspectives in diagnosis and fertility treatment // Cell Biosci. 2021. Vol. 11, № 1. P.

Kashir J. et al. Oocyte activation deficiency and assisted oocyte activation: mechanisms, obstacles and prospects for clinical application // Hum. Reprod. Open. 2022. Vol. 2022, № 2. P. hoac003.

Chansel-Debordeaux L. et al. Reproductive outcome in globozoospermic men: update and prospects // Andrology. 2015. Vol. 3, № 6. P. 1022–1034.

Eftekhar M. et al. Effect of oocyte activation with calcium ionophore on ICSI outcomes in teratospermia: A randomized clinical trial // Iran. J. Reprod. Med. 2013. Vol. 11, № 11. P. 875–882.

Sanusi R. et al. Rescue of failed oocyte activation after ICSI in a mouse model of male factor infertility by recombinant phospholipase C // Mol. Hum. Reprod. 2015. Vol. 21, № 10. P. 783–791.

Tavalaee M., Nasr-Esfahani M.H. Expression profile of PLC, PAWP, and TR-KIT in association with fertilization potential, embryo development, and pregnancy outcomes in globozoospermic candidates for intra-cytoplasmic sperm injection and artificial oocyte activation // Andrology. 2016. Vol. 4, № 5. P. 850–856.

Janghorban-Laricheh E. et al. An association between sperm PLC levels and varicocele? // J. Assist. Reprod. Genet. 2016. Vol. 33, № 12. P. 1649–1655.

Anifandis G. et al. Artificial oocyte activation: physiological, pathophysiological and ethical aspects // Syst. Biol. Reprod. Med. 2019. Vol. 65, № 1. P. 3–11.

Miller N. et al. Oocyte activation by calcium ionophore and congenital birth defects: a retrospective cohort study // Fertil. Steril. 2016. Vol. 106, № 3. P. 590-596.e2.

Jones C., Meng X., Coward K. Sperm factors and egg activation: Phospholipase C zeta (PLCZ1) and the clinical diagnosis of oocyte activation deficiency // Reprod. Camb. Engl. 2022. Vol. 164, № 1. P. F53–F66.

Santos M. et al. Revised guidelines for good practice in IVF laboratories (2015) // Hum. Reprod. 2016. Vol. 31.

Shan Y. et al. Assisted Oocyte Activation With Calcium Ionophore Improves Pregnancy Outcomes and Offspring Safety in Infertile Patients: A Systematic Review and Meta-Analysis // Front. Physiol. 2022. Vol. 12. P. 751905.

Darwish E., Magdi Y. A preliminary report of successful cleavage after calcium ionophore activation at ICSI in cases with previous arrest at the pronuclear stage // Reprod. Biomed. Online. 2015. Vol. 31, № 6. P. 799–804.

Isachenko E. et al. Pregnancy after the calcium ionophore correction of pronuclei position in oocytes after intracytoplasmic sperm injection // Fertil. Steril. 2010. Vol. 94, № 7. P. 2770.e3-5.

Caglar Aytac P. et al. Can calcium ionophore “use” in patients with diminished ovarian reserve increase fertilization and pregnancy rates? A randomized, controlled study // Fertil. Steril. 2015. Vol. 104, № 5. P. 1168–1174.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

[1]
Яхьярова, М., Заставский, И. and Ким, А. 2022. Кальций ионофорын қолдану арқылы ооциттердегі пронуклеустердің орналасуы түзетілген пациенттердегі жүктілік және босану . Репродуктивті медицина. 4(53) (Dec. 2022), 87–92. DOI:https://doi.org/10.37800/RM.3.2022.87-92.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи