Иммундық тромбоцитопениясы бар жүкті әйелдердегі гемостаздың тромбоцитарлы буынын талдау

Авторлар

  • Ю.В. Давыдова
  • В.З. Нетяженко
  • А.Н. Наумчик
  • Н.И. Козачишин
  • А.Ю. Лиманская

DOI:

https://doi.org/10.37800/RM.3.2021.61-75

Кілт сөздер:

тромбоцитопения, жүктілік, иммунндық тромбоцитопения, тромбоциттер агрегациясы, жарық агрегометриясы

Аңдатпа

Өзектілігі: Тромбоцитопения – жүктілікпен бірге жүретін жиі гематологиялық проблема. Жүктіліктің 5%-12%-да тромбоцитопения өрбиді. Асқынулардың жетекші себебі - гестациялық тромбоцитопения (70-85%) болып табылады. Жүктілікке дейінгі тромбоцитопения себептерінің арасында негізгі рөл иммундық тромбоцитопенияға жатады, ол жүктілік кезіндегі тромбоцитопенияның барлық жағдайларының 1-4% үшін жауапты. Гемостаздың тромбоцитарлы буынының функционалдық әлеуетін олардың мөлшерінің азаюы жағдайында зерттеу өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсаты жарық агрегометриясы әдісімен әртүрлі дәрежедегі иммундық тромбоцитопениясы бар жүкті әйелдердегі тромбоцитарлы гемостаз буынын талдау болды.

Материалдар мен Әдістер: «Украина МҒҰА академик Е.М. Лукьянова атындағы Педиатрия, акушерлік және гинекология институты» ММ акушерлік клиникаларында 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2021 жылғы ақпанды қоса алғанға дейін 88 әйел гестациялық және 28 әйел иммундық тромбоцитопениясы бар әйелдер жүктілікті қадағалады және/немесе емделді және босанды. Гемостаздың тромбоцитарлы буыны иммундық тромбоцитопениясы бар әйелдер тобында зерттелді, олардың ішінде 6-ында (21,4%) ауыр тромбоцитопения байқалды.

Нәтижелері: жеңіл және орташа иммундық тромбоцитопения кезінде тромбоциттердің кенет және ықпалдандырылған агрегациясының төмендеуі, ауыр иммундық тромбоцитопения кезінде – тромбоциттердің кенет агрегациясының болмауы және ықпалдандырылған агрегациясының төмендеуі байқалды, бұл тромбоциттердің өзінің тікелей функциясын – тромбты түзуді орындауға әлеуетінің төмендегенін көрсетеді.

Қорытынды: Иммундық тромбоцитопения жүкті әйелдердің тромбоцитопениясын тудыратын жүктіліктің алдындағы жағдайлардың басты себебі болып табылады. Жарық агрегометриясы әдісін қолдану тромбоциттердің агрегацияға функционалды қабілетін талдауда өзекті және көрнекті болып табылады. Жүкті әйелдердің осы санатына тиімді акушерлік көмек көрсету мақсатында осындай жүктілікті қадағалауды құрамында акушер-гинеколог, гематолог, анестезиолог, неонатолог бар мультипәндік команда айналысуы тиіс. Ана мен ұрық/нәресте үшін қауіптерді бағалау жүктілік мерзіміне және клиникалық-зертханалық жағдайға байланысты көп мәрте жүзеге асырылуы тиіс. Ауыр тромбоцитопениясы бар жүкті әйелдерді босандыру акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің жоғары деңгейдегі мекемесінде жүзеге асырылуы тиіс.

Библиографиялық сілтемелер

Pavord S., Hunt B. The Obstetric Hematology Manual. Cambridge University Press, 2010;

Cines D.B., Levine L.D. Blood. 2017; 130(21): 2271-2277. https://doi.org/10.1182/blood-2017-05-781971;

Rajasekhar A., Gernsheimer T., Stasi R., James A.H. Clinical Practice Guide on Thrombocytopenia in Pregnancy. – Washington, DC: American Society of Hematology; 2013.

Reese J.A., Peck J.D., Deschamps D.R., McIntosh J.J., Knudtson E.J., Terrell D.R., Vesely S.K., George J.N. N. Engl. J. Med., 2018; 379: 32-43. https://doi.org/10.1056/NEJMoa1802897;

Provan D., Arnold D.M., Bussel J.B., Chong B.H., Cooper N., Gernsheimer T., Ghanima W., Godeau B., González-López T.J., Grainger J., Hou M., Kruse C., McDonald V., Michel M., Newland A.C., Pavord S., Rodeghiero F., Scully M., Tomiyama Y., Wong R.S., Zaja F., Kuter D.J. Blood Adv., 2019; 3(22): 3780–3817. https://doi.org/10.1182/bloodadvances.2019000812;

Parnas M., Sheiner E., Shoham-Vardi I., Burstein E., Yermiahu T., Levi I., Holcberg G., Yerushalmi R. Eur. J. Obstet. Gynecol. Reprod. Biol., 2006; 128(1-2): 163-168. https://doi.org/10.1016/j.ejogrb.2005.12.031;

ACOG Practice Bulletin No. 207. Obstet. Gynecol., 2019; 133(3): e181-e193. –https://doi.org/10.1097/AOG.0000000000003100;

Fadiloglu E., Unal C., Tanacan A., Portakal O., Beksac M.S. Geburtsh Frauenheilk, 2020; 80: 76-83. https://doi.org/10.1055/a-0865-4442;

Rodeghiero F., Stasi R., Gernsheimer T., Michel M., Provan D., Arnold D.M., Bussel J.B., Cines D.B., Chong B.H., Cooper N., Godeau B., Lechner K., Mazzucconi M.G., McMillan R., Sanz M.A., Imbach P., Blanchette V., Kühne T., Ruggeri M., George J.N. Blood, 2009; 113(11): 2386-2393. https://doi.org/10.1182/blood-2008-07-162503;

Gabbe S.G., Niebyl J.R., Simpson J.L., Landon M.B., Galan H.L. Obstetrics: Normal and Problem Pregnancies, 7th ed. – Elsevier; 2017. – eBook ISBN: 9780323392174;

Sankaran S., Robinson S.E. Obstet. Med., 2011; 4(4): 140-146. https://doi.org/10.1258/om.2011.110025;

Мельник А. Здоров'я України, 2016; 3(376): 56-57. [Melʹnyk A. Zdorov'ya Ukrayiny, 2016 roku; 3 (376): 56-57]. http://health-ua.com/wp-content/uploads/2016/03/56-57.pdf;

Born G.V. Nature, 1962; 194: 927-929.

Harrison P., Keeling D. In: Michelson A.D., ed. Platelets. – San Diego, CA: Elsevier/Academic Press; 2007: 445-474.

Қосымша файлдар

Жарияланды

01.10.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

[1]
Давыдова, Ю., Нетяженко, В., Наумчик, А. , Козачишин, Н. and Лиманская, А. 2021. Иммундық тромбоцитопениясы бар жүкті әйелдердегі гемостаздың тромбоцитарлы буынын талдау. Репродуктивті медицина (Орталық Азия). 3 (48) (Oct. 2021), 59–73. DOI:https://doi.org/10.37800/RM.3.2021.61-75.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи