Бас миы шванномасы бар жүкті әйелді сәтті жүргізу және босанудың клиникалық жағдайы

Авторлар

  • А.А. Есжанова
  • Ш.Б. Космуратова НАО «Медицинский университет Астана»
  • К.Ж. Халмуратова
  • С.К. Куаныш
  • Г.А. Сагандыкова
  • С.Ж. Ибраева

DOI:

https://doi.org/10.37800/RM.2.2024.95-99

Кілт сөздер:

бас ми ісігі, жүктілік, шваннома

Аңдатпа

Өзектілігі: Вестибулярлық шваннома (есту нервінің нейромасы, есту нервінің нейромасы, акустикалық шваннома) – (VIII бас сүйек-ми нервтерінің жұбы), ми бағанасынан 8-10 мм қашықтықта, ішкі құлақ арнасына жақын орналасқан вестибулокохлеарлық нервтің жоғарғы бөлігінің неврилеммасынан дамитын қатерсіз, баяу өсетін бас ми ісігі. 90% жағдайда бұл 22-ші хромосомадағы генетикалық бұзылуларға байланысты дамитын бір жақты ісік. Жүктіліктің бас ми ісігімен қосарлануы өте сирек кездеседі және 13-17 мың жаңа туған нәрестеге 1 жағдайды құрайды. Бұл жағдайда ананың ғана емес, ұрықтың да өміріне қауіп төнеді. Мұндай жағдайда ауруды емдеуге ғана емес, сонымен қатар жүктілікті жүргізуге байланысты көптеген күрделі акушерлік, онкологиялық және этикалық мәселелер туындайды.

Зерттеудің мақсаты – бас ми шванномасы бар жүкті әйелді сәтті жүргізудің және босанудың клиникалық жағдайын сипаттау.

Материалдар мен әдістері: Мақалада жүктіліктің 25-26 аптасында бас ми шванномасын хирургиялық емдеудің қолайлы нәтижесі келтірілген. Жүктілік және босану тактикасының ерекшеліктері талданды.

Нәтижелері: Жүктіліктің 37-ші аптасында салмағы 2600 грамм және бойы 49 см тірі, мерзімінде босанумен ая0талды. Жүктілік барысында нейрохирургиялық араласудан кейін нәтижесі оң болды

Қорытынды: Бас ми шванномасын хирургиялық емдеу, пәнаралық көзқарас жүктілікті толық мерзімге дейін ұзартуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Бұл клиникалық жағдайда босану жүктіліктің 37 аптасында босану қызметінің өздігінен басталуына байланысты ана мен жаңа туған нәресте үшін қолайлы нәтижемен аяқталды. Әрі қарай науқас амбулаториялық негізде невропатологтың бақылауында болды.

Библиографиялық сілтемелер

Шевченко Е.Н. Неврома слухового нерва (шваннома). 10.04.2024. Дата доступа: 30.04.2024.

Shevchenko EN. Acoustic neuroma (shvannoma). 10.04.2024. Date of access: 30.04.2024 (Russ.).

https://neuros.ru/lechenie/golovnoy-mozg/opuholi/nevrinoma-sluhovogo-nerva/

Лысяк Д.С., Закоморина Т.С. Опухоль мозжечка при беременности (клиническое наблюдение). Амурский мед. жур. 2018;1-2(20-21):37-39.

Lysyak DS, Zakomorina TS. Cerebellar tumor during pregnancy (a clinical observation). Amur Med J. 2018;1-2(20-21):37-39. (Russ). https://cyberleninka.ru/article/n/opuhol-mozzhechka-pri-beremennosti-klinicheskoe-nablyudenie

Verheecke M, Нalaska MЈ, Lok CA, Ottevanger PB, Fruscio R, Dahl-Steffensen K, Kolawa W, Gziri MM, Han SN, Calsteren KV, Heuvel FV, Vleeschouwer SD, Clement PM, Menten J, Amant F. Primary brain tumours, meningiomas and brain metastases in pregnancy: report on 27 cases and review of literature. Еur Ј Cancer. 2014;50(8):1462-1471.

https://doi.org/10.1016/j. ejca.2014.02.018

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

[1]
Есжанова , А., Космуратова, Ш., Халмуратова , К., Куаныш, С., Сагандыкова, Г. and Ибраева, С. 2024. Бас миы шванномасы бар жүкті әйелді сәтті жүргізу және босанудың клиникалық жағдайы. Репродуктивті медицина (Орталық Азия). 2 (Jun. 2024), 95–99. DOI:https://doi.org/10.37800/RM.2.2024.95-99.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи