Босанудан кейінгі қанкетудің алдын алуда қолданылатын утеротониялық препараттар
DOI:
https://doi.org/10.37800/RM2020-1-37Кілт сөздер:
босанудан кейінгі қан кету, атониялық қан кету, утеротониялық препараттарАңдатпа
Акушерлік қан кету осы күнге дейін әйелдердің ауру, мүгедектік болып қалуы және қайтыс болуының жоғары
көрсеткішіне әкелетін себеп болып саналады. Акушерлік қан кетумен күресу үшін акушер-гинекологтар мен
анестезиолог-реаниматологтардың білімі мен біліктіліктері, сондай-ақ оларға қолжетімді болатын барлық құралдар
толық деңгейде қолданылуы тиіс. Және ең алдымен, біз акушерлік қан кетудің алдын алу мәселесіне барынша көңіл
бөлуіміз қажет, ол өз кезегінде табиғи жолмен босану, сондай-ақ жедел босандыру жағдайларында босанудың үшінші
кезеңін дұрыс енгізуді қарастырады.
Жүрек-қан тамыры жүйесінде окситоциндік рецепторлардың оқшаулануын және оның жағымсыз әсерлерді
дамытудың жоғары қаупіне ие екендігін ескере отырып, қауіп тобындағы әйелдерге окситоцинді болюстік жолмен
енгізген уақытта абай болған жөн. Көптеген жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін окситоциннің ең дұрыс, мүмкін
дербес түрде таңдалған мөлшерлемесіне және енгізу жылдамдығына қатысты зерттеу жүргізу керек, себебі 5-10 МЕ
болатын қалыпты мөлшерлемені қолдану әйелдердің белгілі бір тобы үшін тым артық әрі тіпті қауіпті де болып табы-
лады. Мөлшерлемені азайту, сондай-ақ баяу түрде болюстік жолмен енгізу окситоциннің гемодинамикалық әсерлерін
төмендете алады.
Карбетоциннің артықшылықтары (бір рет енгізу, ұзақ уақыттық әсер, қан жоғалтудың алдын алуда окситоциннен
артықшылығы 500 мл төмен, қосымша утеротониялық іс-шараларға қажеттілікті төмендету, жағымсыз әсерлердің
төмен жиілігі, экономикалық артықшылықтары: тасымалдау мен қауіпсіз сақтау үшін термотұрақтылығы) ескере келе,
бөлінген қауіп тобындағы әйелдердің атониялық қан кетудің алдын алу үшін карбетоцинді профилактика мақсатында
қабылдауына назар аудару қажет, себебі карбетоцин табиғи жолмен босанудан соң босанудан кейінгі қан кетудің ал-
дын алуда окситоциннен кем түспейді және жедел босандырудан кейін окситоциннен біршама басым түседі.
Библиографиялық сілтемелер
WHO Library Cataloguing-in-Publication Data WHO recommendations for the prevention and treatment of postpartum hemorrhage. 1. Postpartum hemorrhage – prevention and control. 2. Postpartum hemorrhage – therapy. 3. Obstetric labor complications. 4. Guideline. I. World Health Organization. ISBN 978 92 4 454850 9 (NLM classification: WQ 330)
Bateman B.T., Berman M.F., Riley L.E., Leffert L.R. The epidemiology of postpartum hemorrhage in a large, nationwide sample of deliveries. Anesth. Analg. 2010; 110: 1368–73.
Blanks A.M., Shmygol A., Thornton S. Regulation of oxytocin receptors and oxytocin receptor signaling. Semin. Reprod. Med. 2007; 25: 52–9.
Thomas J.S., Koh S.H., Copper G.M. Haemodynamic effects of oxytocin given as i.v. bolus or infusion on women undergoing Caesarean section. Br. J. Anaesth. 2007; 98: 116–9.
Archer T.L., Knape K., Liles D., Wheeler A.S., Carter B. The hemodynamics of oxytocin and other vasoactive agents during neuraxial anesthesia for cesarean delivery: findings in six cases. Int. J. Obstet. Anesth. 2008; 17 (3): 247–54.
Robert A Dyer 1, Alexander J Butwick, Brendan CarvalhoOxytocin for labor and caesarean delivery: implications for the an aesthesiologist Curr Opin Anaesthesiol, 2011 Jun; 24(3):255-61.
Kovacheva V.P., Soens M. A., Tsen L.C. A randomized, double-blinded trial of a “rule of threes” algorithm versus continuous infusion of oxytocin during elective cesarean delivery. Anesth. 2015; 123: 92–100.
Prevention of postpartum hemorrhage with the oxytocin analog carbetocin, Werner Rath, Eur J Obstet Gynecol Reprod Biol, 2009 ноябрь; 147 (1): 15-20.
Moertl MG, Friedrich S, Kraschl J, Wadsack C, Lang U, Schlembach D. Haemodynamic effects of carbetocin and oxytocin given as intravenous bolus on women undergoing caesarean delivery: a randomized trial. Br J Obstet Gynaecol. 2011;118:11:1349-1356.
ShakurovaE.Yu., Ivshin A.A., Yatsukhno L.V., Yakovleva I.E., Yakovleva A.I., Kolybina P.V. International experience with pabal (carbetocin) for the prevention and treatment of postpartum hemorrhage. Rossiyskiy vestnik akushera ginekologa [Russian Bulletin of Obstetrician-Gynecologist]. 2016; 16 (4): 44–8. (in Russian)
Amsalem H., Aldrich C.J., Oskamp M., Windrim R., et al. Postpartumuterine response to oxytocin and carbetocin. J Reprod Med. 2014;59 (3–4): 167–73.
Ortiz-Gomez JR, Morillas-Ramirez F, Fornet-Ruiz I, Palacio-Abizanda FJ, Bermejo-Albares L. Clinical and pharmacological study of the efficacy of carbetocin in elective caesareans compared to low and usual doses of oxytocin. Rev EspAnestesiolReanim 2013;60 (January (1)):7–15.
De Bonis M, Torricelli M, Leoni L, Berti P, Ciani V, Puzzutiello R. Carbetocin versus oxytocin after caesarean section: similar efficacy but reduced pain perception in women with a high risk of postpartum hemorrhage. J Matern Fetal Neonat Med. 2012;25:6: 732-735.
Samantha A., Roy S.G., Mistry P.K. et al. Efficacy of intraperitoneal injection of oxytocin in delaying placental detachment: a randomized controlled trial. Journal of Obstetrics and Gynaecology Research. 2013; 39(1):75-82.
Protocol No. 19 Clinical Protocol of Diagnosis and Treatment of "Management of birth [Vedenierodov]," of the Ministry of Health and Social Development dated December 10, 2015.
Pharmacologic intervention for the management of retained placenta: a systematic review and meta-analysis of randomized trials Author links open overlay panel HayleaS.Patrick, Anjali Mitra, Todd RosenCandeV.Ananth, Meike Schuster. American Journal of Obstetrics and GynecologyVolume 223, Issue 3, September 2020, Pages 447.e1 447.e19 September 2020, Pages 447.e1-447.e19
Bureau of National Statistics of the Agency for Strategic Planning and Reforms of the Republic of Kazakhstan. https://gender.stat.gov.kz/page/frontend/detail?id=118&slug=-94&cat_id=3&lang=ru
Қосымша файлдар
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Осы журналда жарияланған мақалалар тек коммерциялық емес пайдалануды қарастыратын CC BY-NC-ND 4.0 (Creative Commons Attribution - Non Commercial - No Derivatives 4.0 International) лицензиясы бойынша лицензияланады. Бұл лицензия бойынша пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға құқылы, бірақ оларды коммерциялық мақсатта өзгертуге немесе пайдалануға рұқсат етілмейді. Лицензиялау туралы толық ақпаратты https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/ сайтында алуға болады.