Аорто-коронарлық шунттауды бастан өткерген науқастардағы гендерлік айырмашылықтар

Авторлар

  • Л.М. Актаева
  • К.Б. Абзалиев
  • Г.А. Алдангарова

Кілт сөздер:

гендерлік айырмашылықтар, жүректің ишемиялық ауруының даму факторлары, коронароангиография

Аңдатпа

Тікелей реваскуляризациядан өткен пациенттердің гендерлік айырмашылықтарын зерттеу үшін ДБ және Кардиоло-
гия ҒЗИ кардиохирургия бөлімінде 01.01.2015 - 12.31.2017 жж. аралығында стационарлық ем қабылдаған пациенттердің
медициналық тарихы зерттелді. Зерттеуге 54 әйел (27,7%) және 141 ер адам (72,3%) қатысты. Қатысушылардың ор-
таша жасы жынысына қарамастан-63,0 жас; әйелдерде-64; ерлерде-62. Жүректің ишемиялық ауруының даму фактор-
лары әйелдерде ең маңыздысы қант диабеті (21,3% қарсы 44,4%), қалқанша безінің аурулары (16,7% қарсы (1,4%)
болды деген қорытындыға келді. Ер адамдарда темекі шегу өте үлкен әсерін тигізеді 53,9% қарсы 3,7%-ға, ерлерде анамнезінде ми қан айналымының жіті бұзылуы 2 есе жиі кездеседі. Артық дене салмағы бар әйелдер саны ерлерден
аз (53,6% қарсы 38,95). Коронароангиография деректері бойынша СКА діңінің зақымдануы 25,9% әйелдерде және
ерлерде 29,8%-да анықталды, коронарлық артериялардың үш тамыр арқылы зақымдануы 87% әйелдерде және ерлер-
де 85,1% тіркелген, шунттардың орташа саны әйелдер үшін 2,76(±0,8) және ерлер үшін 3,13 (±0,7). Барлық осы де-
ректер гемодинамикалық маңызы бар коронарлық артериялардың атеросклеротикалық зақымдануын және салынған
шунттардың бірдей мөлшерін көрсетеді. Айтарлықтай маңызы бар гендерлік айырмашылық коронарографиялық хат-
тама бойынша анықталған жоқ.

Библиографиялық сілтемелер

Chazova I.E., Smetnik V.P., Balan V.E., ZaydievaYa.Z., MaychukE.Yu., Mychka V.B., Kirichenko A.A., Podzolkov V.I., Podzolkova N.M, Yureneva S.V. “Management of Women with Cardiovascular Risk In Peri-Postmenopausal: Consensus of Russian Cardiologists and Gynecologists”. Consilium Medicum. 2008; 06:5-18

The results of the activities of the health system of the Republic of Kazakhstan in 2016 and the tasks of modernization in the light of the message of the head of state, the Ministry of Health of the Republic of Kazakhstan, 03.03.2017, Astana.

Petrov E.Ye., Kazakov Yu.M., Chekalina N.I. Some features of risk factors for coronary heart disease in women. Part 2, Bulletin of problems in biology and medicine, 2014, No. 1 (106), pp. 23-30.

Shishkin A.N., Khudyakova N.V., Pchelin I.Yu., Ivanov N.V. “Pathogenetic aspects of the cardiovascular effects of estrogens”, journal: Arterial Hypertension, St. Petersburg, №: 4, 2015, p. 349-355.

Оганов Р.Г., Масленникова Г.Я. «Гендерные различия кардиоваскулярной патологии». Кардиоваскулярная терапия и профилактика, 2012; 11(4); 101-104.

Бугаенко В.В., Голикова И.П., Шеремет М.Ю. «Гендерные особенности диагностики, течения и лечения ишемической болезни сердца», Рациональная фармакотерапия №1(34) 2015, с. 5- 19.

Curr Pharm Des.2011; 17(11):1079-81. The importance of gender differences in the diagnosis and management of cardiovascular disease. Ciambrone G., Kaski J.C.

Бондарева З.Г., Федорова Е.Л., Кунгурцева О.А., Цыганкова О.В., Руяткин Д.С. Основные факторы риска и особенности клинического течения ишемической болезни сердца и инфаркта миокарда у женщин. Сердце: журнал для практикующих врачей. 2017; 16(2):110-115.

Petersen S. European Cardiovascular Disease Statistics / S. Petersen, V. Peto, M. Rayneretal. -2nd ed. - London: British Heart Foundation, 2005.

Anderson G.D. Sex and racial differences in pharmacological response. Where is the evidence? Pharmacogenetics, pharmacokinetics, and pharmacodinamics // J. Womens Health.2005, 14, 19-29.

Mosca, L. Evidence-based guidelines for cardiovascular disease prevention in women / L. Mosca, C. L. Banka, E. J. Benjamin (et al.) // J. of Amer. College Cardiology. – 2007. – Vol. 49, No 11. – P. 1230–1250.

Қосымша файлдар

Жарияланды

01.10.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

[1]
Актаева, Л. , Абзалиев, К. and Алдангарова, Г. 2019. Аорто-коронарлық шунттауды бастан өткерген науқастардағы гендерлік айырмашылықтар. Репродуктивті медицина (Орталық Азия). 3 (40) (Oct. 2019), 13–17.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи