Робертсонды транслокация жұқтырушылардың эмбриондары: тұқымқуалау заңдылығы және хромосома аралық әсер
DOI:
https://doi.org/10.37800/RM.4.2021.53-55Кілт сөздер:
робертсонды транслокация, хромосома аралық әсер, салыстырмалы геномдық будандастыру (a-CGH)Аңдатпа
Өзектілік: Хромосоманың робертсонды транслокация жұқтырушыларының өздігінен түсік тастау және жыныс жасушасында хромосома жиынтығы теңестірілмегендіктен хромосомалық патологиясы бар балалардың туылу қаупі бар. Салыстырмалы түрде геномдық будандастыру арқылы (a-CGH) барлық хромосомаға кешенді скрининг жасауға болады, бұл – эмбрионда ата-аналардың құрылымдық хромосомалық қайта құрылуына қатысы жоқ (хромосома аралық әсер деп аталады) патологияны анықтау жиілігін ескергенде аса маңызды.
Зерттеу мақсаты – робертсонды транслокация жұқтырушылардың эмбриондарында тұқымқуалаудың заңдылығын және хромосома аралық әсерді анықтау.
Материалдар мен әдістер: 20 ерлі-зайыпты жұп тексеруден өтті. 20 циклде 82 бластоцистке биопсия жасалды, 50 бластоцист зерттелді.
Нәтижелер: а-CGH талдау нәтижесі бойынша, бластоцисттің 59% ауытқымалы нәтиже көрсетті, олардың тек 31%-да ата-ана транслокациясымен байланысты теңестірілмеген қайта құрылымы бар. 20 ерлі-зайыптыға жүргізілген алдын ала импланттациялық тестілеу нәтижесінде оларың ішінде екі пациентте эуплоидты эмбрион болмағандықтан бағдарламадан шығарылды. Пациенттің 11-нде емханалық жүктілік анықталды (79%); барлығы 13 бала дүниеге келді. Бұл кезеңде импланттау және баланың тірі туылу жиілігі 81%.
Қорытынды: Әйелдердің денсаулығын сақтау және сау балаға жүкті болғанға дейінгі уақытты қысқарту мақсатында, транслокациясы бар ерлі-зайыптыларға a-CGH әдісімен АГТ-А бар ҚРТ бағдарламасын жүргізу ұсынылады.
Қосымша файлдар
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Осы журналда жарияланған мақалалар тек коммерциялық емес пайдалануды қарастыратын CC BY-NC-ND 4.0 (Creative Commons Attribution - Non Commercial - No Derivatives 4.0 International) лицензиясы бойынша лицензияланады. Бұл лицензия бойынша пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға құқылы, бірақ оларды коммерциялық мақсатта өзгертуге немесе пайдалануға рұқсат етілмейді. Лицензиялау туралы толық ақпаратты https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/ сайтында алуға болады.