Плацентаның өсімшесімен келетін классикалық кесарь тілігі мен түптік кесарь тілігінің салыстырмалы аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.37800/RM.3.2022.63-67Кілт сөздер:
кесар тілігі, ағзадан тыс кесу, жүктілік, плацента, плацентамен келуіАңдатпа
Өзектілігі: Бүкіл әлемде кесарь тілігі операциясын қолдану жиілігі тұрақты өсуде. Ағзаны сақтайтын инновациялық
хирургиялық әдістер қолданылады - метропластика (плацентаның өсімшесі бар жатыр аймағын кесу) жүргізу арқылы түптік кесарь тілігі. Мұндай босанатын әйелдерді жүргізудің жаңа тәсілдерінің қажеттілігі, ең алдымен, осы жағдайда сөзсіз болатын және кейде 5000-7000 мл-ге жететін қан жоғалтуды азайтуға деген ұмтылысқа байланысты болды.
Зерттеудің мақсаты – жедел босанудың классикалық әдісімен салыстырғанда плацентамен келуі кезінде түптік кесарь тілігін жүргізудің тиімділігі мен артықшылығын негіздеу.
Әдістері: Алматы қаласындағы перинаталдық орталықта және балалар кардиохирургиясында плацентамен келген 27 жағдайға ретроспективті талдау жүргізілді.
Нәтижелері: Өсімше плацентамен келетін жүкті әйелдерде түптік кесарь тілігіне жүргізілген талдау түптік кесарь тілігінде операция ішілік қан жоғалту 2,5 есе төмендегенін, гемо -, плазмотрансфузия және реинфузия түріндегі алмастыру терапиясының көлемі 4800,0 мл-ден 700,0 мл-ге дейін (Р<0,05) төмендегенін, жағдайлардың экономикалық шығындылығы 2 есе төмендегенін көрсетті.
Қорытынды: Осылайша, өсімше плацентамен келетін жүкті әйелдерде таңдау әдісі ретінде «түптік кесарь тілігі» операциясын ұсынуға болады.
Библиографиялық сілтемелер
Курцер М.А., Кутакова Ю.Ю., Бреслав И.Ю., Сонголова Е.Н. Placenta accreta: сохраняем матку // Status Praesens. – 2013. – №3(14). – C. 14-19 [Kurcer M.A., Kutakova Yu.Yu., Breslav I.Yu., Songolova E.N. Placenta accreta: soxranyaem matku // Status Praesens. – 2013. – №3(14). – C. 14-19 (in Russ.)]. https://www.elibrary.ru/item.asp?id=29143092
Budny-Winska J., Pomorski M. Uterine niche after cesarean section: a review of diagnostic methods // Ginekol. Pol. – 2021. – Vol. 92(10). – P. 726-730. https://doi.org/10.5603/gp.a2021.0195
Karami M., Jenabi E., Fereidooni B. The association of placenta previa and assisted reproductive techniques: a meta-analysis // J. Matern. Fetal. Neonatal. Med. – 2018. – Vol. 31. – P. 1940-1947. https://doi.org/10.1080/14767058.2017.1332035
Belfort M.A., Shamshirsaz A.A., Fox K.A. The diagnosis and management of morbidly adherent placenta // Semin. Perinatol. – 2018. – Vol. 42. – P. 49-58. https://doi.org/10.1053/j.semperi.2017.11.009
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Reproductive Medicine
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Осы журналда жарияланған мақалалар тек коммерциялық емес пайдалануды қарастыратын CC BY-NC-ND 4.0 (Creative Commons Attribution - Non Commercial - No Derivatives 4.0 International) лицензиясы бойынша лицензияланады. Бұл лицензия бойынша пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға құқылы, бірақ оларды коммерциялық мақсатта өзгертуге немесе пайдалануға рұқсат етілмейді. Лицензиялау туралы толық ақпаратты https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/ сайтында алуға болады.