Емшек емізумен айналысатын қазақстандық әйелдердің медициналық және әлеуметтік сипаттамасы

Авторлар

  • Д.Д. Мирзахметова
  • З.Б. Ахметжанова
  • Ш.К. Сармулдаева
  • А.Х. Джаксыбаева
  • В.Б. Камхен

DOI:

https://doi.org/10.37800/RM.1.2023.8-15

Кілт сөздер:

емшекпен емізу, медициналық-әлеуметтік сипаттамалар

Аңдатпа

Өзектілігі: Емшекпен емізу – баланың денсаулығын сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірі және емізетін әйел үшін тікелей бірқатар артықшылықтарға ие. Емшек сүтімен қоректендірудің эпидемиологиясын бақылау үздіксіз процесс болып табылады, сонымен қатар практикалық және ғылыми қызығушылық тудырады.
Зерттеудің мақсаты – бала емізумен айналысатын Қазақстандық әйелдердің медициналық-әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу.
Материалдар мен әдістері: Сауалнама объектілері бала емізумен айналысатын қазақстандық әйелдер (18 бен 45 жас аралығындағы) болды. Дизайн – көлденең қималық зерттеу. Негізгі әдіс – сауалнама. Деректерді жинау 2023 жылдың ақпан айында жүргізілді. Зерттеуге барлығы 1159 әйел қатысты, талдау үшін 1101 сауалнама пайдаланылды. Сипаттамалық және аналитикалық статистика әдістері қолданылды. Абсолютті мәндер есептелді және оның стандартты қателігін анықтау арқылы меншікті ауырлық есептелді. Ассоциативті байланыс Пирсонның хи-квадрат сынағы арқылы зерттелді.
Нәтижелерi: Қазақстандық «алма матерлердің» 30%-ға жуығы өздерінің тамақтануына қандай да бір дәрежеде қанағаттанбайды, ал әйелдердің жартысына жуығы өз демалысына (ұйқыға) қанағаттану деңгейі төмен/орташа деңгейде. Бала емізетін әйелдердің (50%-дан астамы) бір нәрсемен (сүйікті іс әрекетпен) өзін дамыту, қызықтыру және мәдени бос уақыт өткізу мүмкіндіктерімен қанағаттануының айтарлықтай төмен деңгейі анықталды. Достарымен, бір мүддеге жақын адамдармен тіл табысу мүмкіндігіне қанағаттанудың төмен/орта деңгейі респонденттердің 45%-ына тән. Бала емізетін әйелдердің шамамен ¼-і отбасылық қарым-қатынасқа толық қанағаттанбайды, ал әйелдердің шамамен 40%-ы белгілі бір дәрежеде әлеуметтік және құқықтық қорғауға қанағаттанбайды. Бала емізетін қазақстандық әйелдердің жеке және әлеуметтік сипаттағы белгілі бір жағдайлармен қанағаттану дәрежесі (p≤0,05 деңгейінде) біліміне, отбасылық жағдайына, тұрғылықты жеріне және босану кезінде хирургиялық әдістерді қолдану фактісіне байланысты.
Қорытынды: Зерттеу нәтижелерінен шығатын негізгі қорытынды келесідей: бала емізумен айналысатын Қазақстандық әйелдердің кейбір медициналық-әлеуметтік сипаттамалары (тамақтану, демалыс (ұйқы) сипаты, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері және т.б.) Сәтті емшек емізу қаупінің маркерлары болуы мүмкін. Оның ішінде Емшекпен емізу тәжірибесіне әсер ететін маңызды эпидемиологиялық факторлар мыналар болуы мүмкін: білім деңгейі, отбасылық жағдайы, тұрғылықты жері және босану кезінде хирургиялық әдістерді қолданатын емізетін әйелдердің тарихы.

Библиографиялық сілтемелер

ЮНИСЕФ Казахстан. Совместное заявление Исполнительного директора ЮНИСЕФ Кэтрин Рассел и Генераль-ного директора ВОЗ д-ра Тедроса Адханома Гебрейесуса по случаю Всемирной недели грудного вскармливания. Пресс-релиз от 3 августа 2022 г. [YuNISEF Kazaxstan. Sovmestnoe zayavlenie Ispolnitel’nogo direktora YuNISEF Ke’trin Rassel i General’nogo direktora VOZ d-ra Tedrosa Adxanoma Gebrejesusa po sluchayu Vsemirnoj nedeli grudnogo vskarmlivaniya. Press-reliz ot 3 avgusta 2022 g. (in Russ.)]. https://www.unicef.org/eca/ru/Пресс-релизы/совместное-заявление-исполнительного-директора-юнисеф-кэтрин-рассел-и-генерального. 09.03.2023.

ЮНИСЕФ Казахстан. В Казахстане меньше половины детей на грудном вскармливании. Пресс-релиз от 10 мая 2018 г. [YuNISEF Kazaxstan. V Kazaxstane men’she poloviny detej na grudnom vskarmlivanii. Press-reliz ot 10 maya 2018 g. (in Russ.)]. https://www.unicef.org/kazakhstan/Пресс-релизы/в-казахстане-меньше-половины-детей-на-грудном-вскармливании. 09.03.2023.

Маншук Асаутай. В числе причин отказа от кормления грудью – отсутствие поддержки // Радио Азаттык. – 04.08.2017 [Manshuk Asautaj. V chisle prichin otkaza ot kormleniya grud’yu – otsutstvie podderzhki // Radio Azattyk. – 04.08.2017 (in Russ.)]. https://rus.azattyq.org/a/grudnoe-vskarmlivanie-osadchaya/28658378.html.

Комитет по статистике МНЭ РК, ЮНИСЕФН и ЮНФПА. Итоговый отчет по результатам Кластерного обследо-вания по многим показателям, проведенного в Казахстане в 2015 г. – Астана, Казахстан, 2016 [Komitet po statistike MNE’ RK, YuNISEFN i YuNFPA. Itogovyj otchet po rezul’tatam Klasternogo obsledovaniya po mnogim pokazatelyam, provedennogo v Kazaxstane v 2015 g. – Astana, Kazaxstan, 2016 (in Russ.)]. https://bala.stat.gov.kz/files/MICS_2015_ ru.pdf.

Cohen S.S., Alexander D.D., Krebs N.F., Young B.E., Cabana M.D., Erdmann P., Hays N.P., Bezold C.P., Levin-Sparenberg E., Turini M., Saavedra J.M. Factors Associated with Breastfeeding Initiation and Continuation: A Meta-Analysis // J. Pediatr. – 2018. – Vol. 203. – Р. 190-196.e21. https://doi.org/10.1016/j.jpeds.2018.08.008.

Patnode C.D., Henninger M.L., Senger C.A., Perdue L.A., Whitlock E.P. Primary Care Interventions to Support Breastfeeding: Updated Evidence Report and Systematic Review for the US Preventive Services Task Force // JAMA. – 2016. – Vol. 316(16). – Р.1694-1705. https://doi.org/10.1001/jama.2016.8882.

Gila-Díaz A., Carrillo G.H., López de Pablo Á.L., Arribas S.M., Ramiro-Cortijo D. Association between Maternal Postpartum Depression, Stress, Optimism, and Breastfeeding Pattern in the First Six Months // Int. J. Environ. Res. Public Health. – 2020. – Vol. 17(19). – Art. ID: 7153. https://doi.org/10.3390/ijerph17197153.

Islam M.J., Broidy L., Baird K., Rahman M., Zobair K.M. Early exclusive breastfeeding cessation and postpartum depression: Assessing the mediating and moderating role of maternal stress and social support // PLoS One. – 2021. – Vol. 16(5). – Art. ID: e0251419. https://doi.org/10.1371/journal.pone.0251419.

Emerson J.A., Tol W., Caulfield L.E., Doocy S. Maternal Psychological Distress and Perceived Impact on Child Feeding Practices in South Kivu, DR Congo // Food Nutr. Bull. – 2017. – Vol. 38(3). – Р. 319-337. https://doi.org/10.1177/0379572117714385.

Chakona G. Social circumstances and cultural beliefs influence maternal nutrition, breastfeeding and child feeding practices in South Africa // Nutr. J. – 2020. – Vol. 19(1). – Р. 47. https://doi.org/10.1186/s12937-020-00566-4.

Nagel E.M., Howland M.A., Pando C., Stang J., Mason S.M., Fields D.A., Demerath E.W. Maternal Psychological Distress and Lactation and Breastfeeding Outcomes: a Narrative Review // Clin. Ther. – 2022. – Vol. 44(2). – Р. 215-227. https://doi.org/10.1016/j.clinthera.2021.11.007.

Mohd Shukri N.H., Wells J., Eaton S., Mukhtar F., Petelin A., Jenko-Pražnikar Z., Fewtrell M. Randomized controlled trial investigating the effects of a breastfeeding relaxation intervention on maternal psychological state, breast milk outcomes, and infant behavior and growth // Am. J. Clin. Nutr. – 2019. – Vol. 110(1). – Р. 121-130. https://doi.org/10.1093/ajcn/nqz033.

ВОЗ: все больше женщин рожают с помощью кесарева сечения при отсутствии медицинских показаний // Новости ООН. – 16 июня 2021 [VOZ: vse bol’she zhenshhin rozhayut s pomoshh’yu kesareva secheniya pri otsutstvii medicinskix pokazanij // Novosti OON. – 16 iyunya 2021 (in Russ.)]. https://news.un.org/ru/story/2021/06/1404792. 09.03.2023.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

[1]
Мирзахметова, Д., Ахметжанова , З., Сармулдаева, Ш., Джаксыбаева, А. and Камхен, В. 2023. Емшек емізумен айналысатын қазақстандық әйелдердің медициналық және әлеуметтік сипаттамасы. Репродуктивті медицина (Орталық Азия). 1(54) (Mar. 2023), 8–15. DOI:https://doi.org/10.37800/RM.1.2023.8-15.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи