Акушерлік тәжірибеде заманауи технологияларды қолдану

Авторлар

  • У.А. Пернебекова НАО «Национальный медицинский университет» имени С.Д.Асфендиярова
  • С.Ш. Исенова
  • Б.К. Кабыл
  • Г.К. Нурланова
  • А.Б. Касенова

DOI:

https://doi.org/10.37800/RM.2.2023.25-30

Кілт сөздер:

акушерлік гель, аралық, аралықтың жыртылуы, босанудың бірінші және екінші кезеңі

Аңдатпа

Өзектілігі: Босанудың заманауи принциптері тірі және дені сау баланың туылуын, сонымен қатар босанудың оң тәжірибесін қамтамасыз етуі керек, бұл босану санына және халықтың туу деңгейінің өсуіне әсер етуі мүмкін. Тиісінше, баланың физикалық дамуы мен денсаулығы көбінесе босануға дайындықтың сәттілігіне және оларды өткізу сапасына байланысты. Жамбас
бұлшықеттерінің зақымдануының қауіп факторларының бірі-босанудың бірінші және екінші кезеңінің ұзақтығының артуы, тез босану. Босанудың екінші кезеңінің ұзақтығын қысқарту әдістерінің бірі қынап пен ұрық арасындағы үйкелісті азайтатын акушерлік гель екенін көрсететін зерттеулер бар. Біз акушерлік гельдің босану процесі мен ұзақтығына әсерін талдадық.
Зерттеудің мақсаты – акушерлік гельдің босанудың белсенді фазасында бірінші және екінші кезеңінің ұзақтығына, босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жарақаттану жиілігіне, аралық жарақаттарына, хирургиялық араласуларға және жаңа туған
нәрестенің жағдайына әсерін зерттеу.
Материалдар мен әдістері: Осы зерттеуде 2022 жылғы қыркүйек пен қазан аралығында Алматы қаласының «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында», «С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті» акушерлік және гинекология кафедрасының клиникалық базасында босанған 160 әйел зерттелді, олардың ішінен зерттеу топтары құрылды: босанудың 1 және 2 кезеңінде акушерлік гельді қолданған негізгі топ (N = 80), акушерлік гельді қолданбай босанған әйелдердің салыстырмалы тобы (N=80) құрылды.
Нәтижелері: Акушерлік гельді қолдану көп ұрықты емес босанбаған әйелдерде босанудың бірінші және екінші кезеңдерін қысқартты. Сонымен қатар, акушерлік гельді қолданған әйелдерде, жаңа туған нәрестелерде 5 минутта APGAR көрсеткішінің айтарлықтай жақсаруы байқалды.
Қорытынды: Акушерлік гель қолдануға қауіпсіз және босанудың бірінші және екінші кезеңдерінің ұзақтығын, ананың жарақатын, жедел босану және акушерлік араласулардың жиілігін азайтуға көмектеседі және жаңа туған нәрестенің жағдайына теріс әсер етпейді. Авторлар, туған әйелдерге босану кезінде акушерлік гельді қолдану жақсы клиникалық тәжірибе және болашақта кеңінен қолданылуы мүмкін деп санайды.

Библиографиялық сілтемелер

Воронцова Н.А., Сенникова Ж.В., Баканач Е.Ф., Даутова Д.Н. Акушерская травма промежности в современном акушерстве // Молодой ученый. – 2019. – №23(261). – С. 161-162 [Voroncova N.A., Sennikova Zh.V., Bakanach E.F., Dautova D.N. Akusherskaja travma promezhnosti v sovremennom akusherstve // Molodoj uchenyj. – 2019. – №23(261). – S. 161-162 (in Russ.)]. https://moluch.ru/archive/261/60270/

Пересада О.А., Барсуков А.Н., Одинцова Н.А., Шереметьева Л.З., Куликов А.А., Верес И.А., Лукьянова Т.С., Мартищенко Т.В., Ковган И.М., Саватеева Н.А., Тимошенко Т.И., Гологутская И.В., Бойко О.П. Применение акушерского геля Дианатал для профилактики акушерского травматизма // Медицинские новости. – 2011. – №10. – С. 44-47 [Peresada O.A., Barsukov A.N., Odincova N.A., Sheremet'eva L.Z., Kulikov A.A., Veres I.A., Luk'janova T.S., Martishhenko T.V., Kovgan I.M., Savateeva N.A., Timoshenko T.I., Gologutskaja I.V., Bojko O.P. Primenenie akusherskogo gelja Dianatal dlja profilaktiki akusherskogo travmatizma // Medicinskie novosti. – 2011. – №10. – S. 44-47 (in Russ.)]. http://elibrary.ru/item.asp?id=17018185

Воронцова Н.А., Сенникова Ж.В., Баканач Е.Ф., Даутова Д.Н. Акушерская травма промежности в современном акушерстве // Молодой ученый. – 2019. – №23(261). – С. 161-162 [Voroncova N.A., Sennikova Zh.V., Bakanach E.F., Dautova D.N. Akusherskaja travma promezhnosti v sovremennom akusherstve // Molodoj uchenyj. – 2019. – №23(261). – S. 161-162 (in Russ.)]. http://elibrary.ru/item.asp?d=38191554

Исенова С.Ш., Бодыков Г.Ж., Алтаева А.А., Исина Г.М. Влияние акушерского геля на процесс и продолжительность родов // Репродуктивная медицина. – 2021. – №2(41). – С. 2-6 [Isenova S.Sh., Bodykov G.Zh., Altaeva A.A., Isina G.M. Vlijanie akusherskogo gelja na process i prodolzhitel'nost' rodov // Reproduktivnaja medicina. – 2021. – №2(41). – S. 2-6 (in Russ.)]. https://doi.org/10.37800/RM2021-2-6

Жабченко И.А. Современные подходы к профилактике акушерского травматизма и его последствий // Репродуктивная медицина. – 2020. – №2(43). – С. 14-15 [Zhabchenko I.A. Sovremennye podhody k profilaktike akusherskogo travmatizma i ego posledstvij // Reproduktivnaja medicina. – 2020. – №2(43). – S. 14-15 (in Russ.)]. https://doi.org/10.37800/RM2020-1-15

Ведение физиологической беременности. Версия: Клинические протоколы МЗ РК – 2013: утв. Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения, Протокол №18 МЗ РК от 19 сентября 2013 года [Vedenie fiziologicheskoj beremennosti. Versiya: Klinicheskie protokoly MZ RK – 2013: utv. E'kspertnoj komissii po voprosam razvitiya zdravooxraneniya, Protokol №18 MZ RK ot 19 sentyabrya 2013 goda (in Russ.)]. https://diseases.medelement.com/disease/ведение-физиологической-беременности/13644?ysclid=lga83wkkiq39387534

FIGO Working Group on Challenges in Care of Mothers and Infants during Labour and Delivery. Best practice advice on the 10-Group Classification System for cesarean deliveries // Int. J. Gynecol. Obstet. – 2016. – Vol. 135(2). – P. 232-233. https://doi.org/10.1016/j.ijgo.2016.08.001

Edqvist M., Hildingsson I., Mollberg M., Lundgren I., Lindgren H. Midwives’ Management during the second stage of labor in relation to second-degree tears: an experimental study // Birth. – 2017. – Vol. 44(1). – P. 86-94. https://doi.org/10.1111/birt.12267

Tsvetkov D., Stoykov S., Ignatov A., Lukanovic. [Influence of dianatalo obstetric gel on the length of second stage of labor (in Bulgarian)] // Akush. Ginekol. (Sofiia). – 2016. – Vol. 55(5). – P. 9-14. https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/29790709/

Khanam A., Tirlapur S., Khan K. Planned caesarean section or trial of vaginal delivery? A meta-analysis // Curr. Opin. Obstet. Gynecol. – 2014. – Vol. 26. – P. 461-468. https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/25304604/

Жүктеулер

Жарияланды

29.05.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

[1]
Пернебекова, У., Исенова, С., Кабыл, Б., Нурланова, Г. and Касенова, А. 2023. Акушерлік тәжірибеде заманауи технологияларды қолдану. Репродуктивті медицина (Орталық Азия). 2 (55) (May 2023), 25–30. DOI:https://doi.org/10.37800/RM.2.2023.25-30.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи