Симптомсыз эндометриялық гиперплазияның аденокарциномаға айналу ерекшеліктері: клиникалық жағдай
DOI:
https://doi.org/10.37800/RM.3.2023.57-62Кілт сөздер:
аденокарцинома, эндометриялық гиперплазия, эндометриялық қатерлі ісік, қауіп факторлары, симптомсыз ағым, БМСК, пациентке бағытталған тәсілАңдатпа
Өзектілігі: Эндометриялық гиперплазия – эстрогендердің созылмалы кедергісіз әсерінен эндометрий бездерінің қалыптан тыс пролиферациясымен сипатталатын жатырдың патологиялық жағдайы. Эндометриялық гиперплазияның клиникалық маңызы, оның эндометриялық қатерлі ісікке айналу қауіптілігімен байланысты. Жатырдың қатерлі ісігі – әйелдердегі төртінші жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – клиникалық жағдайдың мысалын пайдалана отырып, эндометриялық қатерлі ісік қаупінің факторлары бар менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерді жыл сайынғы мақсатты медициналық тексеру қажеттілігін көрсету болып табылады.
Материалдар мен әдістері: симптомсыз эндометриялық гиперплазияның эндометриялық аденокарциномаға қайта туылу жағдайы клиникалық бақылау түрінде көрсетілген. Сондай-ақ зертханалық пен аспаптық зерттеулердің нәтижелері, және операциядан кейінгі эндометрийді қырып алудың гистологиялық зерттеуі ұсынылған.
Нәтижелерi: Шағымдарды талдау, анамнез, тексеру, клиникалық-зертханалық мәліметтер негізінде науқасқа Н. клиникалық диагноз қойылды: Жатырдан қалыптан тыс қан кету (N93.9). Эндометриялық гиперплазия (N85.0). Менопаузадан кейінгі кезең. Артериялдық гипертензияның 2 дәрежесі (I 10). Семіздіктің 2 дәрежесі (E66). Орташа дәрежелі анемия (D 64). Дәрілік аллергия (L 27.1). Қойылған диагноздың негізінде операция жасалды: жатыр қуысын бөлек диагностикалық қыру, содан кейін эндометрий қырындысының бипсиясын зерттеу. Зерттелетін үлгінің морфологиялық құрылымын ескере отырып, гистологиялық қорытынды жасалынды: эндометриялық аденокарцинома.
Қорытынды: ұзақ уақыт бойы аурудың симптомдарының болмауы және пациенттің учаскелік гинекологта қаралу жүйелігінің жоқ болуы біріншілік медициналық санитарлық көмек (БМСК) сатысында қатерлі ісікке дейінгі аурудың уақтылы диагностикасына кедергі келтіріп, пациенттің шұғыл ауруханаға жатқызылуына әкелді. Сондықтан менопаузадан кейінгі әйелдерге фондық аурулардың онкологиялық ауруларға ауысуын болдырмау үшін аурудың қандай да бір белгілерінің жоқтығына қарамастан, жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруден өту ұсынылады.
Библиографиялық сілтемелер
Ponomarenko I., Reshetnikov E., Polonikov A., Sorokina I., Yermachenko A., Dvornyk V. Candidate genes for age at menarche are associated with endometrial hyperplasia // Gene. - 2020. - V 757. - P.1433-1449. https://doi.org/10.1016/j.gene.2020.144933
Travaglino A., Raffone A., Saccone G., Mascolo M., Guida M., Mollo A. Congruence between 1994 WHO classification of endometrial hyperplasia and endometrial intraepithelial neoplasia system // Am J Clin Pathol. – 2020. – V. 153(1). – P. 40-48. https://doi.org/10.1093/ajcp/aqz132
Russo M., Newell M., Budurlean L., Houser K., Sheldon K., Kesterson J. Mutational profile of endometrial hyperplasia and risk of progression to endometrioid adenocarcinoma // Cancer. – 2020. – V. 126(12). – P. 2775-2783. https://doi.org/10.1002/cncr.32822
Бехтерева С.А., Важенин А.В., Доможирова А.С., Яйцев С.В. Частота и патогенетические варианты первично-мно- жественного рака эндометрия в Челябинской области // Онкология. Журнал им. П.А. Герцена. – 2018. – Т. 7(3). – С. 38-41 [Bextereva S.A., Vazhenin A.V., Domozhirova A.S., Yajcev S.V. Chastota i patogeneticheskie varianty pervichno- mnozhestvennogo raka e'ndometriya v Chelyabinskoj oblasti // Onkologiya. Zhurnal im. P.A. Gercena. – 2018. – T. 7(3). – S. 38-41 (in Russ.)]. https://doi.org/10.17116/onkolog20187338
Кайдарова Д.Р., Балтабеков Н.Т. Показатели онкологической службы Республики Казахстан за 2020 г. [Kajdarova D.R., Baltabekov N.T. Pokazateli onkologicheskoj sluzhby Respubliki Kazakstan za 2020 g. (in Russ.)]. https://onco.kz/news/pokazateli-onkologicheskoj-sluzhby-respubliki-kazahstan-za-2020-god/
Аксель Е.М., Виноградова Н.Н. Статистика злокачественных новообразований женских репродуктивных ор- ганов // Онкогинекология. – 2018. – №3. – С.64-78 [Aksel', E.M., Vinogradova N.N. Statistika zlokachestvennyx novoobrazovanij zhenskix reproduktivnyx organov // Onkoginekologiya. – 2018. – №3. – S. 64-78 (in Russ.)]. https://osors.ru/oncogynecology/JurText/j2018_3/03_18_64.pdf
Auclair M., Yong P., Salvador S., Thurston J., Colgan T., Sebastianelli A. Classification and management of endometrial hyperplasia // J. Obstet. Gynaecol. Can. – 2019. – V. 41(12). – P. 1789-1800. https://doi.org/10.1016/j.jogc.2019.03.025
Сабанцев М.А., Шрамко С.В., Левченко В.Г., Волков О.А., Третьякова Т.В. Гиперплазии эндометрия: без атипии и с атипией // Гинекология. – 2021. – Т. 23 (1). – С. 18-24 [Sabancev M.A., Shramko S.V., Levchenko V.G., Volkov O.A., Tret'yakova T.V. Giperplazii e'ndometriya: bez atipii i s atipiej // Ginekologiya. – 2021. – T. 23 (1). – S. 18-24 (in Russ.)]. https://doi.org/10.26442/20795696.2021.1.200666
Wolfman W. Asymptomatic endometrial thickening // J. Obstet. Gynaecol. Can. – 2018. – V. 40 (5). – P. 367-377. https://doi.org/10.1016/j.jogc.2018.03.005
Singh G., Puckett Y. Endometrial Hyperplasia // In: StatPearls [Internet]. – Treasure Island (FL): StatPearls Publishing; 2023 Jan-. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK560693
Jha S., Singh A., Sinha H., Bhadani P., Anant M., Agarwal M. Rate of premalignant and malignant endometrial lesion in “low-risk” premenopausal women with abnormal uterine bleeding undergoing endometrial biopsy // Obstet. Gynecol. Sci. – 2021. – V. 64(6). – P. 517-523. https://doi.org/10.5468/ogs.21150
Ray S., Zohorinia S., Bhattacharyya D., Chakravorty S., Ray S. Risk factors for endometrial cancer among postmenopausal women in South Africa // Asian Pac. J. Cancer Biol. – 2019. – V. 4(2). – P. 41-45. https://doi.org/10.31557/apjcb.2019.4.2.41-45
Радзинский В., Оразов М., Хамошина М., Муллина И., Артеменко Ю. «Уязвимый» эндометрий: современный взгляд на патогенез и патогенетическую терапию гиперпластических процессов эндометрия // Репродуктивная медици- на. – 2021. – Т. 3(48). - С. 52-58. [Radzinskij V., Orazov M., Xamoshina M., Mullina I., Artemenko Yu. «Uyazvimyj» e'ndometrij: sovremennyj vzglyad na patogenez i patogeneticheskuyu terapiyu giperplasticheskix processov e'ndometriya // Reproduktivnaya medicina. – 2021. – T. 3(48). - S.52-58. (in Russ.)] https://doi.org/10.37800/RM.3.2021.54-60
Kitson S.J., Crosbie E.J. Endometrial cancer and obesity // Obstet. Gynaecol. – 2019. – V. 21(4). – P. 237-245. https://doi.org/10.1111/tog.12601
Jayawickcrama W., Abeysena C. Risk factors for endometrial carcinoma among postmenopausal women in Sri Lanka: a case-control study // BMC Public Health. – 2019. – V. 19(1). – P. 1387-1392. https://doi.org/10.1186/s12889-019-7757-2
Yao L., Li C., Cheng J. The relationship between endometrial thickening and endometrial lesions in postmenopausal women // Arch. Gynecol. Obstet. – 2022. – V. 25(5). – P. 45-53. https://doi.org/10.1007/s00404-022-06734-7
Hefler L., Lafleur J., Kickmaier S., Leipold H., Siebenhofer C., Tringler B. Risk of endometrial cancer in asymptomatic postmenopausal patients with thickened endometrium: data from the FAME-Endo study: an observational register study // Arch. Gynecol. Obstet. – 2018. – V. 298(4). – P. 813-820. https://doi.org/10.1007/s00404-018-4885-3
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Репродуктивті медицина
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Осы журналда жарияланған мақалалар тек коммерциялық емес пайдалануды қарастыратын CC BY-NC-ND 4.0 (Creative Commons Attribution - Non Commercial - No Derivatives 4.0 International) лицензиясы бойынша лицензияланады. Бұл лицензия бойынша пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға құқылы, бірақ оларды коммерциялық мақсатта өзгертуге немесе пайдалануға рұқсат етілмейді. Лицензиялау туралы толық ақпаратты https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/ сайтында алуға болады.