Шетелдік студенттердің практикалық дағдыларын дамыту үшін CyberPatient™ платформасын пайдалану
DOI:
https://doi.org/10.37800/RM.1.2024.158-165Кілт сөздер:
CyberPatient™, онлайн оқыту, инновацияға оқыту, медициналық білімАңдатпа
Өзектілігі: Медицина жоғарғы оқу орындарының студенттері үйренуге болатын алғашқы тәжірибелік қадамдардың бірі медициналық сұхбат жүргізу болып табылады. Виртуалды шындық студенттерге сенімді, стандартталған және үнемді онлайн құралдарды пайдалана отырып, анамнез жинау дағдыларын үйрену және тәжірибеде қолдану үшін қолайлы виртуалды клиникалық ортаны қамтамасыз ете алады. Көптеген зерттеушілер өздерінің мета-талдауында виртуалды науқастар студенттердің белгілі бір тақырыптар бойынша клиникалық пайымдау қабілетін жақсартуда тиімді деген қорытындыға келген.
Зерттеудің мақсаты – CyberPatient™ платформасын пайдалана отырып шетелдік студенттерде анамнез жинау дағдыларын жетілдіруін, ары қарай диагностикалық іс-шараларды тағайындау және жүргізу барысында практикалық дағдыларды жақсартуды, сонымен қатар болжамды диагнозды қою тәжірибесін жетілдіруді бағалау.
Материалдар мен әдістері: Мақсатқа жету үшін Акушерлік және гинекология кафедрасында «Гинекология» пәнінен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша алыс шетелден келген студенттерге арналған практикалық сабақ шеңберінде (02-19 топ) CyberPatient™ платформасы пайдаланылды. Сабақ тақырыптары «Эндометриоз», «Климактериялық синдром» және «Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары» болып табылды. CyberPatient™ нақты өмірдегі пациенттерді имитациялайтын арнайы анимациялық аватарларды пайдалана отырып, онлайн платформада жасалған дайын сценарийлерді ұсынады.
Нәтижелері: CyberPatient™ технологиясының жоғары тиімділігі дидактикалық міндеттерді сапалы шешу қабілетіне байланысты: студенттің құзыреттілігінің әртүрлі бастапқы деңгейін ескере отырып, жеке білім беру траекториясын құру, оқу ақпаратын көрнекі түрде ұсыну және кәсіби тапсырманы нақты модельдеу, оқу нәтижелерін объективті бақылау, кері байланысты тез алу, қателерді анықтау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзету және оқытудың мотивациялық аспектісін күшейтеді. Студент өз бетінше ешқандай көмексіз орындаған сәтте 100 баллдан тұратын ұпай жинайды. Егер бағалау парағына сәйкес студент қажетті балл жинамаса немесе 50 баллдан аз жинаса немесе кезеңдердің біреуінен өтпесе, ол осы критерийді орындамағанын көрсете отырып, бүкіл кезеңнен қайта өтуі қажет болып табылады.
Қорытынды: CyberPatient™ бағдарламалық құралы – бұл клиникалық негіздеме мен дәрігерлік шешім қабылдау дағдыларын дамыту үшін сәтті пайдаланылуы мүмкін тиімді педагогикалық әдіс. Оң нәтижелерді ескере отырып, медициналық жоғары оқу орындары білім беру қызметінде CyberPatient™ технологияларын кеңінен қолдана алады, бірақ сапалы нәтиже алу үшін осы модельдеу технологиясын қолданыстағы оқу бағдарламаларына біріктіру жолдарын әзірлеу қажет табылады.
Библиографиялық сілтемелер
Courteille O, Fahlstedt M, Ho J, Hedman L, Fors U, Von Holst H, Felländer-Tsai L, Möller H. Learning through a Virtual Patient vs. Recorded Lecture: A Comparison of Knowledge Retention in a Trauma Case. Int J Med Educ. 2018;9:86-92.
https://doi.org/10.5116/ijme.5aa3.ccf2
Berman NB, Durning SJ, Fischer MR, Huwendiek S, Triola MM. The Role for Virtual Patients in the Future of Medical Education. Acad Med. 2016;91:1217-1222.
https://doi.org/10.1097/ACM.0000000000001146
Keifenheim KE, Teufel M, Ip J, Speiser N, Leehr EJ, Zipfel S, Herrmann-Werner A. Teaching History Taking to Medical Students: A Systematic Review. BMC Med Educ. 2015;15:159.
https://doi.org/10.1186/s12909-015-0443-x
Huang G, Reynolds R, Candler C. Virtual Patient Simulation at U.S. and Canadian Medical Schools. Academic Medicine. 2007;82:446-451.
https://doi.org/10.1097/ACM.0b013e31803e8a0a
Danforth DR, Procter M, Chen R, Johnson M, Heller R. Development of Virtual Patient Simulations for Medical Education. Journal for Virtual Worlds Research. 2009;2;4-11.
https://doi.org/10.4101/jvwr.v2i2.707
Consorti F, Mancuso R, Nocioni M, Piccol A. Efficacy of Virtual Patients in Medical Education: A Meta-Analysis of Randomized Studies. Computers and Education. 2012;59:1001-1008.
https://doi.org/10.1016/j.compedu.2012.04.017
Vash JH, Yunesian M, Shariati M, Keshvari A, Harirchi I. Virtual Patients in Undergraduate Surgery Education: A Randomized Controlled Study. ANZ Journal of Surgery. 2007;77:54-59.
https://doi.org/10.1111/j.1445-2197.2006.03978.x
Kandasamy T, Fung K. Interactive internet-based cases for undergraduate otolaryngology education. Otolaryngology – Head and Neck Surgery. 2009;140:398-402.
https://doi.org/10.1016/j.otohns.2008.11.033
Gynecology. Syllabus. 2023;1:23.
https://base.ukgfa.kz/?wpfb_dl=28114
Kira EF, Sinchikhin SP, Stepanyan LV. The basic questions of oncogynecology Moscow: GEOTAR-media; 2018;288. ISBN: 978-5-9704-4565-5.
https://litra.studentochka.ru/book?id=145079752
Radsinskiy VE, Fuks AM, Gagaev ChG. Gynaecology. Moscow: GEOTAR-Media; 2020. – P. 896.
https://www.geotar.ru/lots/NF0017679.html
Farahmand S, Meneghetti A, Shi K, Pachev G, Ramezani J, Zeinoddini S, Mehrnoush V, Hosseinzadeh Sh, Kapur H, Qayumi AK. CyberPatient™ – An Innovative Approach to Medical Education. Creat Educ. 2020;11:926-941.
https://www.scirp.org/journal/ce
Cleland JA, Abe K, Rethans JJ. Using simulated patients in medical education: AMEE Guide No. 42. Medical Teacher. 2009;31:477-486.
https://doi.org/10.1080/01421590903002821
Haist SA, Griffith CH, Hoellein AR, Talente G, Montgomery T, Wilson JF. Improving Students’ Sexual History Inquiry and HIV Counseling with an Interactive Workshop Using Standardized Patients. Journal of General Internal Medicine. 2004;19:549-553.
https://doi.org/10.1111/j.1525-1497.2004.30204.x
Halbach JL, Sullivan LL. Teaching Medical Students about Medical Errors and Patient Safety: Evaluation of a Required Curriculum. Academic Medicine Journal of the Association of American Medical Colleges. 2005;80:600-606.
https://doi.org/10.1097/00001888-200506000-00016
Berman NB, Durning SJ, Fischer MR, Huwendiek S, Triola MM. The Role for Virtual Patients in the Future of Medical Education. Academic Medicine. 2016;91:1217-1222.
https://doi.org/10.1097/ACM.0000000000001146
Fall LH, Berman NB, Smith S, White CB, Woodhead JC, Olson AL. Multi-Institutional Development and Utilization of a Computer-Assisted Learning Program for the Pediatrics Clerkship: The CLIPP Project. Academic Medicine. 2005;80:847-855.
https://doi.org/10.1097/00001888-200509000-00012
Courteille O, Fahlstedt M, Ho J, Hedman L, Fors U, Von Holst H, Felländer-Tsai L, Möller H. Learning through a Virtual Patient vs. Recorded Lecture: A Comparison of Knowledge Retention in a Trauma Case. International Journal of Medical Education. 2018;9:86-92.
https://doi.org/10.5116/ijme.5aa3.ccf2
Qayumi AK, Kurihara Y, Imai M, Pachev G, Seo H, Hoshino Y, Cheifetz R, Matsuura K, Momoi M, Saleem M, Lara-Guerra H, Miki Y, Kariya Y. Comparison of Computer-Assisted Instruction (CAI) versus Traditional Textbook Methods for Training in Abdominal Examination (Japanese Experience). Medical Education. 2004;38:1080-1088.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Жариялауға қабылданған қолжазбаға құқықтар журналдың баспагеріне беріледі. Материалдың толық немесе бір бөлігін қайта басып шығару кезінде автор осы журналдағы негізгі басылымға сілтеме жасауы керек.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Осы журналда жарияланған мақалалар тек коммерциялық емес пайдалануды қарастыратын CC BY-NC-ND 4.0 (Creative Commons Attribution - Non Commercial - No Derivatives 4.0 International) лицензиясы бойынша лицензияланады. Бұл лицензия бойынша пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға құқылы, бірақ оларды коммерциялық мақсатта өзгертуге немесе пайдалануға рұқсат етілмейді. Лицензиялау туралы толық ақпаратты https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/ сайтында алуға болады.