Кушинг ауруы бар науқаста гиперандрогенизмнің клиникалық жағдайы

Авторлар

  • М.А. Бакиржан Медицинский университет Астана
  • М.К. Кожемжарова
  • Г.С. Куанышбаева
  • Г.Н. Досжанова
  • А.Д. Каркабаева

DOI:

https://doi.org/10.37800/RM.1.2024.131-137

Кілт сөздер:

Гиперандрогенизм синдромы, дифференциалды диагностика,, гирсутизм, Иценко-Кушинг ауруы.

Аңдатпа

Өзектілігі: Гиперандрогенизм синдромы (ГАС) – әйелдерде ерлер гормондарының (андрогендер) деңгейінің жоғарылауымен сипатталатын эндокриндік бұзылулар тобы. ГАС үлкен әлеуметтік және қоғамдық мәні бар және бұл синдромдың зерттеуінің өзектілігі бірқатар медициналық факторлармен анықталады: жоғары таралу (әйелдер арасында 10% -дан астам), өмір сапасына елеулі әсер ету, бедеуліктің эндокриндік түрі, сондай-ақ қатар жүретін метаболикалық аурулардың жоғары жиілігі (семіздік, қант диабеті – 2 типті қант диабеті, атеросклероз). Гиперандрогенизмнің клиникалық көріністеріне гирсутизм, себорея, безеу, андрогенетикалық алопеция және вирилизация жатады.
Зерттеудің мақсаты – Иценко-Кушинг ауруы бар науқаста ГАС клиникалық жағдайының мысалы негізінде, әртүрлі эндокринопатиялардағы гиперандрогенді жағдайлардың дифференциалды диагностикасын қарастыру.
Материалдар мен әдістері: Бұл мақалада біз Кушинг ауруы бар науқаста ГАС көріністері байқалатын клиникалық жағдайды қарастырамыз. Науқас осы синдромның жиі кездесетін симптомы болып табылатын безеу, гирсутизм және дене салмағының 20 кг артуына шағымдарымен косметологқа жүгінді. Симптомдардың көрінісі науқастың психологиялық жағдайына айтарлықтай әсер етті, ауруға дейін пациент модель ретінде жұмыс істеді. Дәрілік терапияның, сондай-ақ әртүрлі косметикалық процедуралардың тиімсіздігіне және беттің ісінуі, мойынға, иыққа май жиналуы, қолтық аймағында созылу белгілерінің артуына байланысты эндокринолог дәрігеріне жіберілді.
Нәтижелері: Дифференциалды диагностика кезінде гиперандрогенизм синдромын ескере отырып және гиперкортицизмнің клиникалық белгілеріне сүйене отырып, қойылған диагноз – Иценко-Кушинг ауруы.
Қорытынды: Бұл синдромның фенотипі өте кең болғандықтан және безеу жиілігі гирсутизм жиілігінен асып түсетіндіктен, пациенттерді тек косметолог немесе дерматолог ұзақ уақыт емдейді. Дәл және құрылымдық диагностика дұрыс диагнозды орнатудағы кідірістерді болдырмауға және мақсатты емдеуді бастауға, сондай-ақ ықтимал асқынулардың алдын алуына мүмкіндік береді. ГАС-қа жеке көзқарас пациенттер үшін оңтайлы клиникалық және психологиялық нәтижелерді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Библиографиялық сілтемелер

Иловайская И.А. Гиперандрогенные нарушения и заболевания женщин: дифференциальная диагностика и лечебная тактика. Доктор.Ру. 2018;6(150):49-55.

Ilovajskaya IA. Hyperandrogenic disorders and diseases of women: differential diagnosis and therapeutic tactics. Doktor.Ru. 2018;6(150):49-55. (in Russ.).

https://doi.org/10.31550/1727-2378-2018-150-6-49-55

Martin KA, Anderson RR, Chang RJ, Ehrmann DA, Lobo RA, Murad MH, Pugeat MM, Rosenfield RL. Evaluation and treatment of hirsutism in premenopausal women: an Endocrine Society clinical practice guideline. J Clin Endocrinol Metabol. 2018;103(4):1233-1257.

https://doi.org/10.1210/jc.2018-00241

Rege J, Turcu AF, Else T, Auchus RJ, Rainey WE. Steroid biomarkers in human adrenal disease. J Steroid Biochem Mol Biol. 2019;190:273-280.

https://doi.org/10.1016/j.jsbmb.2019.01.018

Мокрышева Н.Г., Мельниченко Г.А., Адамян Л.В., Трошина Е.А., Молашенко Н.В., Сазонова А.И., Уварова Е.В., Есаян Р.М., Андреева Е.Н., Ужегова Ж.А., Карева М.А., Калинченко Н.Ю., Шифман Б.М., Фадеев В.В., Бирюкова Е.В., Анциферов М.Б., Суплотова Л.А., Киселева Т.П., Ярмолинская М.И., Сутурина Л.В. Клинические рекомендации «врожденная дисфункция коры надпочечников (адреногенитальный синдром)». Ожирение и метаболизм.

Mokrysheva NG, Mel'nichenko GA, Adamyan LV, Troshina EA, Molashenko NV, Sazonova AI, Uvarova EV, Esayan RM, Andreeva EN, Uzhegova ZhA, Kareva MA, Kalinchenko NYu, Shifman BM, Fadeev VV, Biryukova EV, Anciferov MB, Suplotova LA, Kiseleva TP, Yarmolinskaya MI, Suturina LV. Clinical recommendations "congenital dysfunction of the adrenal cortex (adrenogenital syndrome)". Ozhirenie i metabolizm. 2021;18(3):345-382. (In Russ.).

https://doi.org/10.14341/omet12787

Reincke M., Fleseriu M. Cushing syndrome: a review. JAMA. 2023;330(2):170-181.

https://doi.org/10.1001/jama.2023.11305

Жүктеулер

Жарияланды

01.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

[1]
Бакиржан, М. , Кожемжарова, М. , Куанышбаева, Г., Досжанова, Г. and Каркабаева, А. 2024. Кушинг ауруы бар науқаста гиперандрогенизмнің клиникалық жағдайы . Репродуктивті медицина (Орталық Азия). 1 (Apr. 2024), 131–137. DOI:https://doi.org/10.37800/RM.1.2024.131-137.

Журналдың саны

Бөлім

Статьи