Жаңа және криоконсервіленген донорлық ооциттермен ЭҚҰ бағдарламаларындағы ұрықтандыру және бластоциста қалыптасуының салыстырмалы талдауы
DOI:
https://doi.org/10.37800/RM.3.2024.50-56Кілт сөздер:
қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ), эмбриология, криоконсервация, витрификация, донорлық ооциттер, ерітуАңдатпа
Өзектілігі: Қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) циклдарында криоконсервацияланған және жаңа алынған ооциттерді қолдану бойынша нәтижелерді салыстыру, репродуктивті медицинада өзекті тақырыптардың біреуі болып табылады. Қазіргі таңда донорлық ооциттерге жүгінетін бағдарламаларда жаңа алынған ұрықтарды қолданудың сөзсіз артықшылығына нақты жауап жоқ.
Зерттеудің мақсаты – денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) бағдарламаларында криоконсервацияланған және жаңа алынған донорлық ооциттер арасындағы ұрықтану деңгейімен мен олардың бластоциста қалыптасу көрсеткішінің нәтижелерін салыстыру.
Материалдар мен әдістері: Бұл проспективті зерттеу 2024 жылдың маусым айынынан бастап тамыз айларының аралығында Астана қаласындағы «Экомед» клиникасының негізінде жүргізілді. Зерттеуге енгізілген талаптардың бірі ДТҰ бағдарламаларында донорлық ооциттерді қолданатын жұптардың ер азаматында нормоспермия болуы. Донордың аналық безін гормоналды ынталандыру аяқталғаннан кейін, ооцит-кумулюс кешендері (ОКК) адамның хорионикалық гонадотропині (АХГ) енгізілгеннен кейін 36 сағаттан соң алынды. MII сатысында кемінде 12 жетілген ооцит болған жағдайда, олардың жартысы витрификация әдісімен криоконсервацияланды, ал қалған ооциттер әрі қарай өсіру үшін қоректік ортаға қайтарылды. Ерітілген және жаңа алынаған ооциттердің ұрықтандыруы сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекция (ИКСИ) әдісімен жүргізілді, содан кейін эмбриондар бластоциста сатысына дейін Embryoscope Plus жүйесінде өсірілді.
Біздің зерттеуіміздегі деректерді талдау үшін Stata бағдарламасының 18 нұсқасы қолданылды (StataCorp, 2023).
Нәтижелері: Зерттеуге донорлық ооциттермен 58 ЭКҰ бағдарламасының нәтижелері енгізілді, жалпы гаметалар саны 938 ооцитты құрады, оның ішінде 510 жаңа алынған ооцит және 428 криоконсервацияланған ооцит болды. Ооцит донорларының орташа жасы 26,5 жасты құрады. Ұрықтануды бағалаудың негізгі параметрлеріне ұрықтандырудан кейін 18-ші сағатта екі пронуклеус (2PN) болуы және бластуляция жиілігі кірді. Статистикалық талдау жаңа және криоконсервацияланған ооциттер арасында ұрықтану және бластуляция деңгейлерінде айтарлықтай айырмашылықтар анықтаған жоқ.
Қорытынды: Бұл зерттеу криоконсервіленген донорлық ооциттердің ұрықтандыру және бластоцисталарды қалыптастыру қабілетін нашарлатпайды деген гипотезаны қолдайды. Нәтижелер криоконсервацияның бластоциста сатысына дейін эмбриондардың дамуына теріс әсер етпейтінін көрсетеді, бұл донорлық ооциттермен ЭКҰ бағдарламаларында криоконсервацияланған ооциттерді пайдалану әлеуетін растайды.
Библиографиялық сілтемелер
Rodriguez-Wallberg KA, Waterstone M, Anastácio A. Ice age: Cryopreservation in assisted reproduction–An update. Reprod Biol. 2019;2(19):119-126.
https://doi.org/10.1016/j.repbio.2019.04.002
Ali J, Al Harbi NH, Ali N. Chapter 1 Historical background on gamete and embryo cryopreservation. In: Cryopreservation of Mammalian Gametes and Embryos: Methods and Protocols. 2017;3-20.
https://doi.org/10.1007/978-1-4939-6828-2_1
Gook DA. History of oocyte cryopreservation. Reprod Biomed Online. 2011;3(23):281-289.
https://doi.org/10.1016/j.rbmo.2010.10.018
Crawford S, Boulet SL, Kawwass JF, Jamieson DJ, Kissin DM. Cryopreserved oocyte versus fresh oocyte assisted reproductive technology cycles, United States, 2013. Fertil Steril. 2017;1(107):110-118.
https://doi.org/10.1016/j.fertnstert.2016.10.002
Gala A, Ferrières-Hoa A, Loup-Cabaniols V, Fournier A, Anav M, Brunet C, Bringer-Deutsch S, Ranisavljevic N, Brouillet S, Hamamah S. Closed vitrification system and egg donation: Predictive factors of oocyte survival and pregnancy. J Gynecol Obstet Hum Reprod. 2020;3(49):101687.
https://doi-org.ezproxy.nu.edu.kz/10.1016/j.jogoh.2020.101687
Setti AS, Braga DP, Iaconelli A, Borges E. Fresh oocyte cycles yield improved embryo quality compared with frozen oocyte cycles in an egg-sharing donation program. Zygote. 2021;3(29):234-238.
https://doi.org/10.1017/S0967199420000842
Kool EM, Bos AM, Van Der Graaf R, Fauser BC, Bredenoord AL. Ethics of oocyte banking for third-party assisted reproduction: a systematic review. Hum Reprod Upd. 2018;5(24):615-635.
https://doi.org/10.1093/humupd/dmy016
Talreja D, Gupta C, Pai H, Palshetkar N. Oocyte vitrification: A comparative analysis between fresh and cryopreserved oocytes in an oocyte donation program. Fertil Reprod. 2020;1(2):9-13.
https://doi.org/10.1142/S2661318220500024
Setti AS, Braga DP, De Castro Azevedo M, Iaconelli A, Borges E. Fresh oocyte cycles yield improved embryo quality and surplus embryo cryopreservation rates compared to frozen oocyte cycles in an egg-sharing donation program. Fertil Steril. 2019;3(112):e120-e121.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Жариялауға қабылданған қолжазбаға құқықтар журналдың баспагеріне беріледі. Материалдың толық немесе бір бөлігін қайта басып шығару кезінде автор осы журналдағы негізгі басылымға сілтеме жасауы керек.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Осы журналда жарияланған мақалалар тек коммерциялық емес пайдалануды қарастыратын CC BY-NC-ND 4.0 (Creative Commons Attribution - Non Commercial - No Derivatives 4.0 International) лицензиясы бойынша лицензияланады. Бұл лицензия бойынша пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға құқылы, бірақ оларды коммерциялық мақсатта өзгертуге немесе пайдалануға рұқсат етілмейді. Лицензиялау туралы толық ақпаратты https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/ сайтында алуға болады.