Жатыр мойны жүктілігі: клиникалық жағдай
DOI:
https://doi.org/10.37800/RM.3.2022.93-97Кілт сөздер:
жатыр мойны жүктілігі, диагноз, жатыр, кюретаж, жатыр мойны өзегі, диагностикаАңдатпа
Өзектілігі: Жатыр мойнының жүктілігі, қауіптілігі жағынан жоғары орында, өйткені олар жатыр мойны қан тамырларының эрозиясынан кейінгі күтпеген өмірге қауіп төндіретін қан кетумен бірге жүруі мүмкін. Мұндай жағдайларда науқасты құтқару үшін гистерэктомия қажет болуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты: Клиникалық жағдайды мысалға ала отырып, жатыр мойны жүктілігі бар науқасты емдеудің әр кезеңінде диагностика мен емдеу нәтижелерін көрсету және талдау.
Әдістері: Біз зерттеуімізде бақылау әдісін қолдана отырып, мақалада сирек кездесетін жатыр мойны жүктілігі диагнозы қойылған клиникалық жағдай ағымына талдау жасаймыз.
Нәтижелері: Мақалада №2 Шымкент қалалық ауруханасының гинекология бөлімшесіне түскен сирек кездесетін жатыр мойны жүктілігінің клиникалық жағдайы ұсынылған. Біз, клиникалық жағдайда жатыр мойны жүктілігі бар науқасты жүргізудің әр кезеңінде диагностика мен емдеу нәтижелерін көрсетеміз. Гинекология бөлімшесіне әйел жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуына, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Барлық зерттеулердің нәтижесінен кейін жатыр мойны жүктілігі диагнозы қойылды. Осы диагноздан кейін, науқасты одан әрі қарай жүргізу тактикасын шешу үшін дәрігерлердің консилиумын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Консилиумда дәрігерлер, ағзаны сақтау мақсатында қан кетудің жоғарғы қаупін ескере отырып, ота жасау туралы шешім қабылдады. Яғни, жатыр артерияларын эмболизациялау, содан кейін жатыр мойны каналын кюретаждау арқылы ұрық жұмыртқасын алып тастау отасы жасалынған. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарды. Ұсынылған клиникалық жағдай жатыр артериясының эмболизациясынан кейін жатыр мойны каналының кюретажы арқылы ұрық жұмыртқасын алып тастау отасы науқастың фертильділігін сақтай отырып, әйелге келесі жүктілікті жоспарлауға мүмкіндік берілді.
Қорытынды: Біздің жағдайда эмболизация өте тиімді. Артерия эмболизациясы 2-6 апта бойы тамырларды окклюзия арқылы артериялық айналымды азайтады. Бұл үрдіс көптеген асқынуларды, соның ішінде жамбас инфекциясы, жамбас ауруы, тіндік ишемиялар және ангиографиядан болатын асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Емнің нәтижесі, ерте ультрадыбыстық зерттеуден уақтылы өту және дер кезінде диагноз қоюға байланысты. Бұл гистерэктомияны немесе қан құюды қажет ететін өмірге қауіп төндіретін ауыр қан кету ықтималдығын төмендетуі мүмкін.
Библиографиялық сілтемелер
Липатов И.С., Тезиков Ю.В., Блюмина И.З., Зубковская Е.В., Севостьянова С.А., Мартынова Н.В. Сохранение репродуктивной функции при шеечной беременности путем применения эмболизации маточных артерий // Совр. проблемы науки и образования. – 2016. – №6. – С. 5-12 [Lipatov I.S., Tezikov Yu.V., Blyumina I.Z., Zubkovskaya E.V., Sevost'yanova S.A., Martynova N.V. Soxranenie reproduktivnoj funkcii pri sheechnoj beremennosti putem primeneniya e'mbolizacii matochnyx arterij // Sovr. problemy nauki i obrazovaniya. – 2016. – №6. – S. 5-12 (in Russ.)]. https://science-education.ru/ru/article/view?id=25363
Буянова С.Н., Пучкова Н.В., Мгелиашвили М.В., Барто Р.А. Редкие формы эктопической беременности // Росс. вестник акушера-гинеколога. – 2017. – №17(6). – С. 53 56 [Buyanova S.N., Puchkova N.V., Mgeliashvili M.V., Barto R.A. Redkie formy e'ktopicheskoj beremennosti // Ross. vestnik akushera-ginekologa. – 2017. – №17(6). – S. 53 56 (in Russ.)]. https://doi.org/10.17116/rosakush201717653-56
Митичкин А.Е., Доброхотова Ю.Э., Апресян С.В., Громов Д.Г., Димитрова В.И., Папоян С.А., Хлынова С.А., Ишевский А.Г., Слюсарева О.А., Заметаев В.А. Мультидисциплинарный подход в лечении шеечно-перешеечной и шеечной беременности с применением современных малоинвазивных рентгенэндоваскулярных технологий // Мед. совет. – 2018. – №13. – С. 185-191 [Mitichkin A.E., Dobroxotova Yu.E'., Apresyan S.V., Gromov D.G., Dimitrova V.I., Papoyan S.A., Xlynova S.A., Ishevskij A.G., Slyusareva O.A., Zametaev V.A. Mul'tidisciplinarnyj podxod v lechenii sheechno-peresheechnoj i sheechnoj beremennosti s primeneniem sovremennyx maloinvazivnyx rentgene'ndovaskulyarnyx texnologij // Med. sovet. – 2018. – №13. – S. 185-191 (in Russ.)]. https://cyberleninka.ru/article/n/multidistsiplinarnyy-podhod-v-lechenii-sheechno-peresheechnoy-i-sheechnoy-beremennosti-s-primeneniem-sovremennyh-maloinvazivnyh
Селихова М.С., Яхонтова М.А., Зверева Е.С. Современные подходы к ведению пациенток с шеечной беременностью // Вестник ВолГМУ. – 2019. – №4 (72). – С. 136-139 [Selixova M.S., Yaxontova M.A., Zvereva E.S. Sovremennye podxody k vedeniyu pacientok s sheechnoj beremennost'yu // Vestnik VolGMU. – 2019. – №4 (72). – S. 136-139 (in Russ.)]. https://cyberleninka.ru/article/n/sovremennye-podhody-k-vedeniyu-patsientok-s-sheechnoy-beremennostyu
Фетищева Л.Е., Ушакова Г.А. Редкие формы внематочной беременности. Проблемы диагностики, лечения и восстановления фертильности // Росс. вестник акушера-гинеколога. – 2017. – № 17(4). – С. 11 19 [Fetishheva L.E., Ushakova G.A. Redkie formy vnematochnoj beremennosti. Problemy diagnostiki, lecheniya i vosstanovleniya fertil'nosti // Ross. vestnik akushera-ginekologa. – 2017. – № 17(4). – S. 11-19 (in Russ.)]. https://doi.org/10.17116/rosakush201717411-19
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Осы журналда жарияланған мақалалар тек коммерциялық емес пайдалануды қарастыратын CC BY-NC-ND 4.0 (Creative Commons Attribution - Non Commercial - No Derivatives 4.0 International) лицензиясы бойынша лицензияланады. Бұл лицензия бойынша пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға құқылы, бірақ оларды коммерциялық мақсатта өзгертуге немесе пайдалануға рұқсат етілмейді. Лицензиялау туралы толық ақпаратты https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/ сайтында алуға болады.