Преэклампсия даму қаупінің клиникалық және анамнездік факторлары
DOI:
https://doi.org/10.37800/RM.2.2024.80-87Кілт сөздер:
жүктілік, қауіп факторлары, преэклампсияАңдатпа
Өзектілігі: Преэклампсия қазіргі акушерлік қызметтің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Көптеген зерттеулерге қарамастан, преэклампсияның этиологиялық факторлары белгісіз болып қала беруде. Преэклампсия дамуының негізгі қауіп факторлары-
на созылмалы бүйрек ауруы (58,6%), тамыр патологиясы (51,7%), эндокриндік патология (38,0%), метаболикалық синдром (24,0%), жүрек ауруы (22,0%), асқазан-ішек жолдарының аурулары(20,7%) жатады. Бұл асқынудың айқын жиілігі преэклампсияның даму қаупі бар науқастарда белсенді профилактикалық және емдік шараларды жүргізу қажеттілігін талап етеді.
Зерттеудің мақсаты – клиникалық және анамнестикалық факторларға негізделген преэклампсияның даму қаупін бағалау.
Материалдар мен әдістері: «Жағдай-бақылау» зерттеуі жүргізілді, оған 218 әйел (117 бақылау және 101 жағдай) қатысты. Клиникалық-анамнестикалық көрсеткіштер мен гинекологиялық тексеру мәліметтеріне талдау жасалды. Тәуекелді есептеу арқылы преэклампсия үшін болжамды модельді құру үшін көп айнымалы талдау (логистикалық регрессия) пайдаланылды.
Нәтижелері: Соматикалық және гинекологиялық анамнезді талдау кезінде І топта пиелонефрит, миопия, II топта миопия және мастопатия, пиелонефрит және созылмалы артериялық гипертензия созылмалы экстрагениталды аурулар анықталды. Аяқ веналарының варикозды кеңеюі І топта жиілігі 6,9%, II топта 4,3% (p>0,05) болды. Гинекологиялық аурулардың ішінде жатыр мойны эрозиясы екі топта да жиі 5,9% және 15% жағдайда, тек I топта аналық без кисталары мен жатыр миомасы 1% жағдайда, сәйкесінше II топтағы поликистозды аналық без синдромы және эндометриялық полип 1% жағдайда (p<0,05) кездесті.
Қорытынды: Анамнездік және клиникалық деректердің преэклампсияның даму қаупімен байланысын бағалау нәтижесінде пациенттердің жасына және қабылдау кезіндегі етеккір жасына, СААҚ және ДААҚ-ға қатысты статистикалық маңызды байланыс анықталды.
Библиографиялық сілтемелер
Агаева К.В. Проблема преэклампсии в современном акушерстве. Вicник ВДНЗУ «Українська медична стоматологічна академія». 2018;18,(61):288-291.
Agaeva KV. The problem of preeclampsia in modern obstetrics. Vicnik VDNZU «Ukraїns'ka medichna stomatologіchna akademіya». 2018;18,(61):288-291. (in Russ.).
https://cyberleninka.ru/article/n/problema-preeklampsii-v-sovremennom-akusherstve/viewer
Andersgaard AB, Acharya G, Mathiesen EB, Johnsen SH, Straume B, Øian P. Recurrence and long-term maternal health risks of hypertensive disorders of pregnancy: a population-based study. Am J Obstet Gynecol. 2012;206(2):143.e1-8.
https://doi.org/10.1016/j.ajog.2011.09.032
Barton JR, Barton LA, Istwan NB, Desch CN, Rhea DJ, Stanziano GJ, Sibai BM. Elective delivery at 340/7 to 366/7 weeks' gestation and its impact on neonatal outcomes in women with stable mild gestational hypertension. Am J Obstet Gynecol. 2011;204(1):44.e1-44.e5.
https://doi.org/10.1016/j.ajog.2010.08.030
Частова Е.Н. Преэклампсия: современный взгляд на проблему. БМИК. 2013;№3(3):656.
Chastova EN. Preeclampsia: a modern view of the problem. BMIK. 2013;№3(3):656. (in Russ.).
https://cyberleninka.ru/article/n/preeklampsiya-sovremennyy-vzglyad-na-problemu
Sibai BM. Etiology and management of postpartum hypertension-preeclampsia. Am J Obstet Gynecol. 2012;206(6):470-475.
https://doi.org/10.1016/j.ajog.2011.09.002
Ananth CV, Basso O. Impact of pregnancy-induced hypertension on stillbirth and neonatal mortality in first and higher order births: A population-based study. Epidemiology (Cambridge, Mass). 2010;21(1):118-123.
https://doi.org/10.1097/EDE.0b013e3181c297af
Курочка М.П. Анализ факторов риска преэклампсии и эклампсии в случаях материнских смертей. Саратов Науч-Мед Журн. 2013;9,2:230-234.
Kurochka M.P. Analysis of risk factors for preeclampsia and eclampsia in cases of maternal deaths. Saratov Nauch-Med Zhurn. 2013;9,2:230-234. (in Russ.).
Trogstad L, Magnus P, Stoltenberg C. Pre-eclampsia: risk factors and causal models. Best Pract Res Clin Obstet Gynaecol. 2011;25(3):329-342.
https://doi.org/10.1016/j.bpobgyn.2011.01.007
Gunnarsdóttir SS, Guðmundsdóttir A, Hardardottir H, Geirsson RT. Diabetes of type 1, pregnancy, and glycemic control. Laeknabladid. 2013;99(7-8):339-344.
https://doi.org/10.17992/lbl.2013.0708.505
Leitner Y, Harel S, Geva R, Eshel R, Yaffo A, Many A. The neurocognitive outcome of IUGR children born to mothers with and without preeclampsia. J Matern Fetal Neonatal Med. 2012;25(11):2206-2208.
https://doi.org/10.3109/14767058.2012.684164
Díaz Martínez LA, Díaz Pedraza N, Del M, Serrano Díaz NC., Colmenares Mejía CC. The prognosis for children of mothers with preeclampsia. Part 2: long-term effects. Arch. Argent Pediatr. 2011;109(6):519-524.
https://doi.org/10.1590/S0325-00752011000600009
Буштырева И.О., Курочка М.П., Гайда О.В. Прогностические критерии преэклампсии. Российский вестник акушера-гинеколога. 2017;2:59-63.
Bushtyreva IO, Kurochka MP, Gajda OV. Prognostic criteria for preeclampsia. Rossijskij vestnik akushera-ginekologa. 2017;2:59-63. (in Russ.).
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Жариялауға қабылданған қолжазбаға құқықтар журналдың баспагеріне беріледі. Материалдың толық немесе бір бөлігін қайта басып шығару кезінде автор осы журналдағы негізгі басылымға сілтеме жасауы керек.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Осы журналда жарияланған мақалалар тек коммерциялық емес пайдалануды қарастыратын CC BY-NC-ND 4.0 (Creative Commons Attribution - Non Commercial - No Derivatives 4.0 International) лицензиясы бойынша лицензияланады. Бұл лицензия бойынша пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға құқылы, бірақ оларды коммерциялық мақсатта өзгертуге немесе пайдалануға рұқсат етілмейді. Лицензиялау туралы толық ақпаратты https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/ сайтында алуға болады.