Локшин В. Н.

Бас редактор – В.Н. Локшин, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстандық Репродуктивтi Медицина Қауымдастығының президенті, Халықаралық Репродуктология Академиясының президенті

Журнал туралы

«Репродуктивті медицина» журналы рецензияланатын, ашық қолжетімді басылым болып табылады.

Журнал 2009 жылдан бастап шығады, құрылтайшысы – "Тәуелсіз репродуктивті медицина қауымдастығы" қоғамдық бірлестігi (Алматы, Қазақстан). Басылымның мерзімділігі – жылына 4 рет. Баспа басылымының таралымы – 500 дана. Журнал Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасында орналасқан және 2015 жылдан бастап Қазақстанның дәйексөз алу базасында импакт-факторға ие. 2020 жылдан бастап журнал Crossref халықаралық ұйымында тіркелді.

«Репродуктивті медицина» журналы Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесі кіреді (26.06.2022 № 290 бұйрық).

Журналдың мақсаты мен міндеттері: репродуктивті медицина, әйелдер, ерлер және балалар денсаулығын сақтау саласындағы отандық және әлемдік ғылымның соңғы жетістіктерін жариялау. Журнал репродуктивті медицинаның өзекті мәселелері, балалық шақ аурулары, сондай-ақ репродуктивті денсаулықты басқару саласындағы әйелдер мен ерлердің ұрпақты болу денсаулығы және қоғамдық денсаулық мәселелері бойынша түпнұсқа мақалалар, клиникалық жағдайлар мен аналитикалық шолуларды басып шығарады.

Біздің мақсатты аудиториямыз: репродуктологтар, гинекологтар, андрологтар, педиатрлар, сондай-ақ репродуктивті денсаулық мәселелеріне қызығушылық танытатын басқа да мамандықтардың дәрігерлері.

2023 жылы қабылданбаған мақалалардың үлесі 41%, бірінші редакциялық шешім қабылдауға дейінгі орташа уақыт 60 күн болды.   

Басылым құны: 10 бет үшін 50 000 теңге (1,5 жоларалық интервалмен 12 тармақ өлшемі), әрбір келесі бет үшін 10 000 теңге (титул беті мен библиографияны қоса). Басылым үшін төлемді авторлар қарау рәсімінен өткеннен кейін және редакциялық алқаның қолжазбаны басып шығаруға қабылдау туралы оң шешімінен кейін ғана төлейді. Алдын ала төлем фактісі редакцияның қолжазбаны басып шығаруға қабылдау шешіміне әсер ете алмайды.

Сіздерді ғылыми мақалаларыңызды "Репродуктивті медицина" журналында жариялауға шақырамыз! Жариялауға журналдың мәлімделген тақырыптық бағыттарына сәйкес және авторлар үшін нұсқаулық талаптарына сай келетін материалдар қабылданады. Өтінім беру үшін экранның жоғарғы оң жақ бөлігіндегі "Материал жіберiңiз" батырмасын пайдалануды сұраймыз. 

Ағымдағы шығарылым

№ 2 (2024): Репродуктивтi медицина
					Көрсету  № 2 (2024): Репродуктивтi медицина
Жарияланды: 30.06.2024

Барлық шығарылымдар

Статьи

Барлық шығарылымдарды көрсету